Ақтауда жаңажылдық отшашудан 3 адам зардап шекті

Ақтауда жаңажылдық отшашудан 3 адам зардап шекті

Ақтауда жаңажылдық отшашудан 3 адам зардап шекті
ашық дереккөзі
Биыл Ақтауда мерекелік отшашудан 3 адам жарақаттанған, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дәрігерлер мәлімдеді. «Мереке күндері облыстық ауруханаға «петардадан» жарақаттанған 3 адам түскен. Бірі - қолын, екеуі бетін күйдіріп алған. Алғашқы көмек көрсетілген соң зардап шеккендер үйлеріне жіберілді. Ал, өткен жылы отшашудан жарақаттанғандар саны 13-ке жеткен болатын. Жалпы, аймақта мереке күндері тыныш өтті. Бір де бір төтенше оқиға тіркелген жоқ»,-деді Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Айтқали Шалабаев. Осылайша, жаңажылдық отшашудан зардап шеккендер саны өткен жылға қарағанда 4 есе азайған.