Алматыда 4 полицей пара алды деген күдікпен ұсталды

Алматыда 4 полицей пара алды деген күдікпен ұсталды

Алматыда 4 полицей пара алды деген күдікпен ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда төрт полицей пара алды деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұсталғандар Алматы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері болып шықты - Дзигалюк И.И., Нысанбаев Б.Р., Орынбаев А.Д. және Арашев А.В. 29 желтоқсанда Алматы қалалық мамандандырылған тергеу соты оларды екі айға қамауға алу туралы үкім шығарды. Қамауға алу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы арыз берген. Полицейлер ҚР қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі, 1-4 тармағы ("Пара алу, қорқытып алу жолымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, iрi мөлшерде, бірнеше рет жасалса"). бойынша айып тағылды. Осы қылмыс үшін  мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенгеннен жетпіс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.