Чарльз Саммерс Пентагонның ресми өкілі болып тағайындалды

Чарльз Саммерс Пентагонның ресми өкілі болып тағайындалды

Чарльз Саммерс Пентагонның ресми өкілі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
АҚШ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі болып Чарльз Саммерс тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Ол өткен жылы жазда қызметін асыра пайдаланғаны үшін басы дауға қалған Дана Уайтты ауыстырды. Саммерс қызметіне Пентагон басшысының міндеттерін уақытша ақтарушы Патрик Шанаханмен бірге кірісті. Еске сала кетейік, өткен айда Қорғаныс министрі Джэймс Мэттис өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Мэттистің лауазымынан бас тартуына АҚШ президент Дональд Трамптың кей сыртқы саяси ұстанымымен келісе алмауы себеп болды. Ақпарға қарағанда Мэттис Трамптың Сириядан әскерді шығарып, Ауғанстандағы сарбаздардың санын қысқарту туралы шешімін құптамаған.