Австралиядағы кітапхана құрал-саймандарды жалға береді

Австралиядағы кітапхана құрал-саймандарды жалға береді

Австралиядағы кітапхана құрал-саймандарды жалға береді
ашық дереккөзі
Брисбенде өздері құрал-саймсан кітапханасы атап кеткен орталық өз жұмысын бастады. Мұнда кітап жоқ, оның орнына күнделікті тұрмысқа қажет бұрғы, балға, балта сынды құралдар жалға беріледі, деп хабарлайды  «Хабар 24». Мұндай мекеме Австралияда тұңғыш рет ашылып отыр. Оның негізін қалаған Сабрина Чакоридің пікірінше, белгілі бір себептермен керек болмай қалған заттарды кәдеге жаратуға  немесе пайдаға жұмсауға мүмкіндік ашылып отыр. Құрал сұрай келген жандарға қажетті зат кітапханадағыдай бір аптаға беріледі. Қажет болған жағдайда тағы бір аптаға ұзартуға болады. Кешіктіріп қайтарса, кәдімгідей айыппұл салынады. Саймандарды жалға беру шағын және орта бизнес өкілдеріне майдай жағып отыр. Жалпы құрал-жабдық кітапханасында 500-ден астам сайман бар. Ал кітапхана абоненттері жылына 50 доллар төлейді. Мекеменің тазалығы мен құралдардың бүтін болуын еріктілер қадағалайды. Айта кетерлігі, құрал-сайманды жалға беру орны Квислендтің мемлекеттік кітапханасында орналасқан.