Қара құрдым қандай-ды...

Қара құрдым қандай-ды...

Қара құрдым қандай-ды...
ашық дереккөзі
Чили Еуропа елдерімен бірігіп, әлемдегі ең ірі гамма-телескоп кешенін тұрғызады. Халықаралық жоба ғарыш кеңістігін зерттеуге арналған құрылғыларды жасап шығаруға бағытталған. Атап айтқанда, озық үлгідегі телескоптар гамма-сәулелердің шашырауы мен қара материяны зерттейтін болады. Ғылыми нысанның құрылысы туралы келісімге Еуропаның оңтүстік обсерваториясы мен Чилидегі католик университетінің өкілдері қол қойды. Оқу ордасының астрономия және астрофизика департаментінің басшысы атап өткендей, кешен қазіргі обсерваториямен салыстырғанда 10 есе мықты болмақ. Телескоп ойдағыдай жасалса, ғалымдар ғарышқа тереңірек үңілуге мүмкіндік алатын болады.