Индонезия билігі жұрттың жанартау орналасқан аймаққа жоламауын ескертті

Индонезия билігі жұрттың жанартау орналасқан аймаққа жоламауын ескертті

Индонезия билігі жұрттың жанартау орналасқан аймаққа жоламауын ескертті
ашық дереккөзі
Индонезия биілігі жергілікті тұрғындарды цунами орын алған Зонд бұғазы маңына жақындамауға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұған дейін ғалымдар толқынның қатты ағынына Кракатау аралындағы жанартаутың жиі атқылауы себеп болғанын мәлімдеген еді. Бүгінде осы өңірлерде іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал кейбір өңірлерде тоқтаусыз жауған жауын салдары су тасқынына ұласты. Бұл құтқарушылардың жұмысына кедергі келтіруде. Әзірге 17 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Айта кетейік, 22-ші желтоқсан күні Индонезияның Зонд бұғазы жағалауында цунами орын алды. Апаттан 429 адам көз жұмды. 150 ден астам тұрғын із-түссіз жоғалып, бір жарым мыңнан астам индонезиялық азамат жарақаттанған.