Жаңалықтар

Тарихын түгендеу – парасатты ұлттың парызы

ашық дереккөзі

Тарихын түгендеу – парасатты ұлттың парызы

Өткен жұмада, 21 желтоқсан күні қалам құдіретіне табынған қауым – қазақ қаламгерлері Жазушылар үйіне көптеп жиналды. Алматыда «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ әдебиеті» атты Қазақстан Жазушылар одағының І Пленумы болып өтті. Шараға Жазушылар одағы басқармасының мүшелері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері және БАҚ қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, еліміздің бірқатар облыстарынан, Астанадан арнайы қонақтар шақырылған.Отырыстың ашылуында Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ әдебиетінің даму бағыт-бағдары» тақырыбында баяндама жасады. Ол Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған келелі міндеттерді жүзеге асыруда жазушылардың рөлі туралы да тілге тиек етті. «Осындай олқылықтардың барлығының орнын толтыратын уақыт келді. Мақалада айтылған міндеттер бойынша жазушыларға артылатын жүк бөлек. Бүгінде соның бәрін зерделеп ойластырудамыз», – деді ол. Жиын соңында Пленум қатысушылары Елбасының мақаласында айтылған барлық келелі ұсыныстарды қолдап, бірауыздан Үндеу қабылдады. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы деп білеміз. Әлемдік кеңістікке ұлттық кодымыз арқылы шығып, барша әлем халықтарына қазақтың жанын, Тәуелсіздігіміздің мызғымас рухын, қазыналы құндылықтарымызды дәріптеуді мұрат етеді. Қазақ қаламгерлері өз шығармаларында қашанда тамыры мыңжылдықтарға кететін төл тарихымызды зерттеп, зерделеуге, ұлттық құндылықтарымыздың насихатталуында осыған дейін де өлшеусіз еңбек сіңіргені ақиқат. Осы орайда Президент Әкімшілігіне, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, облыс әкімдеріне «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында байтақ Қазақ-станның барлық аймақтарын қамтитын «Тарихи әдеби өлкетану» жобасын ұсынамыз», – делінген Үндеуде. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Ұлықбек Есдәулеттің жазушылар жиынындағы сөзін аздаған қысқартумен беріп отырмыз. Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы [caption id="attachment_74531" align="alignnone" width="1024"]