Тарихын түгендеу – парасатты ұлттың парызы

Өткен жұмада, 21 желтоқсан күні қалам құдіретіне табынған қауым – қазақ қаламгерлері Жазушылар үйіне көптеп жиналды. Алматыда «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ әдебиеті» атты Қазақстан Жазушылар одағының І Пленумы болып өтті. Шараға Жазушылар одағы басқармасының мүшелері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері және БАҚ қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, еліміздің бірқатар облыстарынан, Астанадан арнайы қонақтар шақырылған.Отырыстың ашылуында Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ әдебиетінің даму бағыт-бағдары» тақырыбында баяндама жасады.

Ол Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған келелі міндеттерді жүзеге асыруда жазушылардың рөлі туралы да тілге тиек етті. «Осындай олқылықтардың барлығының орнын толтыратын уақыт келді. Мақалада айтылған міндеттер бойынша жазушыларға артылатын жүк бөлек. Бүгінде соның бәрін зерделеп ойластырудамыз», – деді ол.

Жиын соңында Пленум қатысушылары Елбасының мақаласында айтылған барлық келелі ұсыныстарды қолдап, бірауыздан Үндеу қабылдады.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы деп білеміз. Әлемдік кеңістікке ұлттық кодымыз арқылы шығып, барша әлем халықтарына қазақтың жанын, Тәуелсіздігіміздің мызғымас рухын, қазыналы құндылықтарымызды дәріптеуді мұрат етеді. Қазақ қаламгерлері өз шығармаларында қашанда тамыры мыңжылдықтарға кететін төл тарихымызды зерттеп, зерделеуге, ұлттық құндылықтарымыздың насихатталуында осыған дейін де өлшеусіз еңбек сіңіргені ақиқат. Осы орайда Президент Әкімшілігіне, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, облыс әкімдеріне «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында байтақ Қазақ-станның барлық аймақтарын қамтитын «Тарихи әдеби өлкетану» жобасын ұсынамыз», – делінген Үндеуде.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Ұлықбек Есдәулеттің жазушылар жиынындағы сөзін аздаған қысқартумен беріп отырмыз.

Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы

Bez imeni 1 1
 

«Ұлы даланың жеті қыры» және қазақ әдебиетінің даму бағыт-бағдары

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ежелгі тарихымыз бен мәдениетіміздің қадір-қасиетін танытып, астарын ашып көрсеткен «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы баспасөз бетінде жарық көргелі бері оның мән-маңызы мен құндылығы үздіксіз талқылану үстінде, тиесілі жобалар да жасала бастады.

Қадыр Мырзалиев ағамыздың: «Біздің тарих бұл-дағы қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы» дейтін сөзінде үлкен шындық барын қайталап айтудан жалықпаймыз. Себебі бізге өз тарихымызды оқытпай, өзімізден жасырып, кейінгі бірнеше ұрпақ басқа ұлттардың, өзге мемлекеттердің тарихын өз тарихымыздан гөрі жетік біліп келгені құпия емес.

Біз XVI ғасырдан XIX ғасырға дейінгі Ұлы даланы қорғау кезеңінде, ұлт ретінде жойылып кетпес үшін жан-жақтан анталаған жаулармен қанды соғыс жүргізе жүріп, көп қалаларымыздан, мәдени мұраларымыздан, ежелгі көне жетістіктерімізден айырылдық, одан бергі уақытта бостандығымыз шектеліп, тарихи-өркениет жолындағы дамуымызды тоқтатып алдық. Ал отаршыл үстем елдер өз ұлтымыздың тарихын өзімізден жасырып келді.

Жерімізден Алтын адам табылып жатса, «ол скифтердікі, оның қазаққа қатысы жоқ» деді. Сонау кеңес кезінде Шіліктіден бір емес, екі Алтын адам табылғаны белгілі. Бірақ оның атын да, затын да Қазақстанға бұйыртпады. Оның аң стиліндегі алтын әшекейлері Эрмитажда тұр. Қазақ жеріндегі бүкіл сақ обаларын І Петрдің заманынан бері 200-300 адамдық арнайы қарулы экспедициялар шығып, жоспарлы, жүйелі түрде тонап келген. Обалардан табылған алтындарды Батыс Сібір генерал-губернаторы Матвей Гагарин патшаға жөнелтіп отырған. Қанағатсыз қанқұйлы Петр патша «қазақ даласынан алынған алтындардың бір бөлігін менен жасырып жымқырып,Тобылдың Кремліне тығып жүрсің» деген айып тағып, жан досы Гагаринді Сенат алаңында дарға асып өлтіреді. Және мәйітін алғызбайды. Үш айдан кейін арқаны шіріп, үзіліп, жерге құлап түскенде «үзілмейтін шынжырмен қайта асып қойыңдар!» деп бұйырып, қыс бойы өлігін еті әбден ағып түскенше салақтатып-салбыратып қойған екен. Не үшін? Пазырықтың, Шілікті мен Есіктің обаларынан табылған алтын бұйымдар үшін! Ол мұралардың біразы Эрмитажда тұрғанымен, қазаққа қатысы жоқ етіп көрсетіп келді. Отырарды Иран мәдениетіне апарып тіреп тастайтын. «Бізде Отырар кітапханасы болған» деп мақтансақ, «ол кітаптар сенің тіліңде болмаған» дегенге дейін барды. Ал енді айналып келгенде Мысырды билеген мәмлүктердің өзі біздің тілде сөйлеген. Оны біз емес, керек десеңіз, Израиль мен Америка, араб ғалымдары жазып отыр. Қазақ тарихы өлең-жыр болып тасқа қашалғанымен, ол да өзгеге тиесілі деген түсінік таңылған. Айналып келгенде, мойындалмай келген дүниелерді осы мақала игеруге, меншіктенуге, үйренуге, келешек ұрпаққа өзіміздің тарихы қаншалықты терең ұлт екенімізді танытып, өзге елдерге дәлелдеп, негіздеп беруге жол ашып отыр.

Бұл мақаланың еліміздің келешегі үшін, мемлекетіміздің өркениет жолымен ойдағыдай дамуы үшін стратегиялық маңызы зор. 30 елдің қатарына кіру үшін әлемдік өркениетке қосқан үлесің де мол болуы керек. Ал енді біз қандай үлес қостық? «Ұлы даланың жеті қыры» осыны түгендеуге жол ашып берді. Антикалық заманнан бергі гректердің «кентавр» деп жүргендері сақтар болып шықты. Ал сол сақтардың Ұлы даладағы жалғасы, атпен біте қайнасқан халық кім − ол қазақтар! Солтүстік Қазақстандағы археологиялық қазба «Ботай мәдениеті» ретінде танылып, сол жерде ежелгі дәуірде ең алғаш рет жылқыны қолға үйреткен кім? − біздің қазақтар болып шықты. Осы елдің азаматтары болғаннан кейін бәріміз де осы жердің тарихына, тарихи жәдігерлеріне, мәдени ескерткіштеріне мұрагер ретінде ие болуымыз керек. «Кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді» дейді мәртебелі автор өз мақаласында. Мысырға барсаң: «Біз арабтармыз, египеттіктердің тілі басқа болған, біздің тіл емес, бірақ фараондар тарихына бас-көз болып қалған бізбіз», − дейді.

Сол сияқты біз де өзімізді ежелгі мәдениет иелерінің заңды ұрпағы ретінде сезіне білуіміз керек. Металлургияның дүниежүзінде ежелгі үш-ақ ошағы бар екен. Сол ошақтардың бірі Қазақстан, яғни өзіміздің Алтай мен Жезқазғанда табылған. Ал металл қорыту дегеніміз өз заманындағы озық өркениет емей немене?! Табылған Алтын адамдардың киімдерінің өзі − зергерлік өнердің шыңы. Бұл деген – ұлы мәдениеттің белгісі. Қалалық мәдениеттің тарихымызда болғанын Тараздағы ежелгі құбыр, Түркістандағы моншаның өзі дәлелдей түседі. Оған Көкшетаудан табылған сүйек конькиді қосыңыз. Қазақ жерінен табылған ежелгі бассүйекке трепанация жасалғанын медициналық ота тарихы туралы кітаптардан кездестірдім. Моңғолдар Шыңғыс хан заманынан бері арбаны «қазақ арба» дейді. Бұл не деген сөз? Арбаны ойлап тапқан қазақ деген сөз. Өзіміздің жылқыға байланысты түрлі әбзелдерімізді алайық. Үзеңгіні ойлап табудың өзі – сол замандағы үздік прогресс санатында. Қазақ жеріндегі таңбалы тастарда да дөңгелекті арба бейнеленген. Шалбар киюді де Еуропаға апарған Алтайдан шыққан бабаларымыз. Түріктер тоқыма жемпірді қазақ деп атайды. Сұрастырсам, тоқыма өнері қазақтардан келген дейді. Астанадағы бір ұстаның жеке коллекциясында самаурындар ішінен 15-16 ғасырлардағы бірнеше құман-самаурындарды көріп таң қалдым. Кәдімгі үлкен құман, бірақ ішінде су қайнатуға арналған оттығы бар. Ал керек болса! Демек, самаурынның о бастағы аты мен заты кәдімгі құман болып шықты! Атақты Тулаңыз далада қалды! Біздің ата-бабаларымыз көшпенді де, отырықшы да бола білген. Қаланы да салған, даланы да мекендеген. Міне, сондықтан сол далалар мен қалаларда болған ежелгі мәдениеттердің бәрінің заңды мұрагері біздің еліміз екенін айтудан жасқанбауымыз керек.

Құбыр да біздікі, шығыр да бізді­кі, дөңгелек те өзіміздікі, әңгелек те өзі­міздікі.

Өз тарихымыздың тереңіне үңілуден ешқашан да ұтылмаймыз, ешбір ұлт бұдан ұтылған емес.

Сонымен қоса, аң стилі деген сөз дүние жүзінің өнертану ғылымында тұрақты термин болып қалыптасып кеткен. Бірақ осы аң стилі қайдан пайда болды? Ол да өзіміздің туған даламызда, кең-байтақ жерімізде пайда болған. Мына жердегі Берелден, анау жердегі Шіліктіден, міне Астана, осы Алматы маңайынан да түрлі-түрлі айғақтар табылып жатыр. Соның бәрі аң стилінің бізден бастау алғанын көрсетеді. Біздің Алтай тауы түркі әлемінің алтын бесігі деп аталады. Негізі, тек қана түркі әлемінің емес, адамзаттың бесігі деуге боларлық. Өйткені жапондар да өздерінің тілін Алтай тобына жатқызатыны белгілі. Олар «түбінде біз Алтайдан шыққанбыз» дейді. Эстондардың халық өлеңдерінің өзінде «біз Алтайдан шыққанбыз» дейді. Алтайдан шықтық дейтіндер көп. Бірақ айналып келгенде, түбі бір түркі әлемінің алтын қазығына, қасиетті қарашаңы­рағына бұл жерді мекендеп қалған біздің қазақтар ие болып отыр!

Жібек жолы бойындағы қыруар қалалардың әкімдерінің форумы биыл Астанада өтті. Соның аясында біз «Жібек жолы» бойындағы қалалардың, мемлекеттердің Жазушылар одағының төрағаларының да басын қосып, оннан астам елдің басшыларымен жолыққанбыз. Форумда Олжас Сүлейменов пен Мұрат Әуезов қаншама елден келген қонақтарға Жібек жолындағы қазақ елінің тарихи рөлі туралы әсерлі баяндамалар жасады. Ұйымдастырушылар бұл форумды келесі жылы қайтадан жалғастырып, дәстүрге айналдырмақ сияқты.

«Архив-2025»-ке байланысты да түрлі жұмыстар атқарылып келеді. «Цифрлы Қазақстан» − келешекке аса керекті іс. Тарихтың өзін цифрға түсіріп, болашаққа ұсыну дейтін мәселе – аса үлкен ауқымды жоба. Елбасымыз әлемдік мұрағаттардан қазақ тарихына қатысты деректерді жинақтап, зерделеп, олардың бәрін кешенді жоспарға ендіріп, ашылмаған, шықпаған нәрселердің барлығы архивте цифрландыру арқылы сақтау қажет деп отыр. Біздің тарихымыз өзімізден гөрі басқа республикаларда, өзге мемлекеттерде көбірек сақталған. Мысалы, Қытайдың, Ташкенттің архивінде біздің тарихымызға қатысты құжаттар шаш-етектен. Ресейде (Мәскеу мен Петербургте) қаншама?! Мынау Орынбор, Омбы, Томбы, Барнаулдың архивінде де біздің қыруар тарихымыз қатталып жатыр. Арменияда армян әліппесімен жазылған қыпшақ ескерткіштері мол. Сонау Лондонның, Париждің де музейлерінде біздің тарихымыздың үлкен жұрнақтары жатыр. Олардың біреуіне қолымыз жетсе, біреуіне жетпейді. Біз оған мемлекеттік тұрғыдан кіріскен жағдайда қолымыз жететін шығар деп ойлаймын. Мәмілегерлік, елшілік жолдар бар. Елбасының өзінің ресми сапарлары кезінде де осындай мәселелер шешіліп жатады.

Мәскеуде әдебиет институтында оқып жүрген кезімізде профессор Куницын айтатын еді: «Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің Германиядағы бүкіл архивін Мәскеу сатып алып қойған, немістерде ештеңе де қалмаған», − деп. Мәскеудегі Марксизм-ленинизм тарихы институты олардың бүкіл архивын өз қолдарына жинақтап алған екен. Сол сияқты өз тарихымызды басқа жақтан жинақтап алып, ұрпақтарымызға ұсынуымыз керек және біздің мынадай құндылығымыз, мынадай қазынамыз болған деп жұртқа да көрсете білуіміз керек.

Мақалада әр қазақтың жүрегіне жақын, Алаш ардақтайтын «Ұлы даланың ұлы есімдері» деген бөлім бар. Бұл есімдер − біздің әл-Фараби, Бейбарыс, Абай, Шоқан, Махамбет, тағы да басқа батырларымыз, хандарымыз. Біз өзімізді сақ мәдениетінің мұрагеріміз деп есептеп, аң стиліндегі бүкіл қазынасына заңды иелік танытатын болсақ, сол сақ заманының ұлы тұлғаларына да дұрыс көзқарас қалыптастыруымыз керек. Әйтпесе, бабаңның пенсиясын алып, өзін қарттар үйіне өткізіп тастағандай безбүйрек қылық көрсеткен болып шығамыз. Ол үшін арғы Анахарсистен бастап, Томирис, Шырақ, Зарина, т.б. тарихи тұлғаларды бауырымызға тартып, өз тарихымызға енгізуіміз керек. Сонымен қоса, ғұмыры біздің тарихымызға қатысты болса да, әлі ескерусіз, назарымыздан тыс қалып келе жатқан ұлы тұлғалар бар. Мысалы, Көктүрік қағанатының көсемдері Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған, бәдізшісі Йолығтегін. Тарихқа бақсақ, олардың туған жері Қара Ертіс бойы. Қара Ертіс дегеніміз бар болғаны 100 шақырымдай ғана жер, Ертістің Зайсанға құйғанша ағатын тұсы. Меніңше, қазақ жерінде сол үш-төрт қаһарман баһадүрге ескерткіштер орнатылып, көшелер берілуі керек.

Тағы бір ұлы есім − Бабыр. Кезінде Бабырдың кітабын аудардық. Бір заманда Байзақ Қожабек-ұлы деген ағамыз аударған, екі рет басылып шыққан. Бірақ сонда осы Бабыр біздікі-ау дегендей көп көңіл бөліне қоймады. Бабырдың кітабын оқып отырсаңыз, қазақ даласынан шыққанын өзі көрсетеді. Ол өзбектермен соғысты, Шайбанимен шайқасты. Өзбектерден жеңіліп барып, Ауғанстанды басып алады. Ауған-станды билеп отырады да, күш жинап қайта келіп, өзбектермен соғысып, тағы да жеңіліп қалады. Содан Үндістанды басып алады. Ол ұрпағымен Үндістанды үш жүз жыл билеген. Анау «Тәж Махал» Бабыр ұрпағы Жаһангер Әкбардың салған мавзолейі. Үш жүз жыл Үндістанды билеген сол бабамызды неге айтқымыз, иемденгіміз келмейді? Өзі Мұхамед Хайдар Дулатидың туған бөлесі екенін жазады. Ана жылы «Тәж Махалда» болдым. «Мұны салған құрылысшы, сәулеткері кім?» деп сұрағанымда, «Түркістаннан алдырылған шебер» деген жауап алдым. Аты да жазулы тұр екен. «Тәж Махалды» салған түркістандық шебер айналып келгенде біздің бабамыз емес пе?! Міне, осындай тарихымызға қатысты құнды мәліметтерді жинақтай алмай жатырмыз.

Мысырдағы күллі мәмлүктердің араб тілінде емес, қыпшақ тілінде сөйлегенін әлем тарихшылары ашық айтып, жазып отыр. Александрия қаласында болсаңыз сізді міндетті түрде Қайтбай қамалына апарады. Ал сол атақты Қайтбай кім? Сонау антикалық заманда құлап қалған Форос маягының кебежедей-кебежедей кірпіштерінен қалап, айбынды қамал салған, Мысырды отыз жыл билеген атақты мәмлүк Қайтбай сұлтан да қыпшақ болып шықты. Біз оны іздемей, иемденбей, Бейбарыстың тасасында қалдырып отырмыз. Оған кейінгі уақытта өзбектер мен черкестер көз қадай бастады. Тезірек иемденбесек, айырылып қалуымыз мүмкін.

Осы мақалада қозғалған мәселе­лерді орындауда Жазушылар одағына айрықша, бөлекше жүк артылары сөзсіз. Айтылмаған нәрселер көп қой, соның бәрін зерделеп, ертең қалай орындауды ойластырудамыз. Мәселен, «Ұлы дала тұлғалары» деп аталатын сериялы кітаптар жазылады. Оны жазатын кімдер? Айналып келгенде – жазушылар. Сол арқылы тарихи шығармалар туындайды. Тарихи шығармалар дегенде біздің Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қабдеш Жұмаділов, Мұхтар Мағауин, Әнес Сарай, Қойшығара Салғарин, Қажығали Мұқаметқалиев, Бексұлтан Нұржеке, Кәдірбек Сегізбай, Смағұл Елубай, т.б. ағаларымыз, Тұрсынхан Зәкенұлы сияқты інілеріміз бұған дейін де тарихи шығармаларды жазып келді. Бұрын тарихқа деген өгей қатынасты сезе отырып жазған, сонда да қаламы қолынан түспеген жазушыларымызға жаңа тыныс, кейінгі буынға кең жол ашылып отыр.

Біз қазірдің өзінде Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен және Композиторлар одағымен бірлесіп, «Дала фольклорының антологиясын» және «Ұлы даланың көне сарындары» атты жинақты құрастыруды қолға ала бастадық. Бұл жинақтардың басылымын Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын болды.

Бұл біздің көркем тарихымыз, санамыздың тарихы. Осының бәрі цифрлық форматта жинақталса, өте жақсы дүние болмақ.

«Әдеби өлкетану» деген жобамызды жалғастырып, фольклорға байланысты, ұлттық салт-санаға байланысты аңыз-ертегілерімізді жинайтұғын экспедицияларды шығарсақ, қазынаға жолығарымыз хақ. Қазірдің өзінде жер-жерге барып келген жазушылар өнімді еңбек етіп жатыр. Алды роман, арты повесть, поэма туғызғандар бар. Түрлі кітаптар шығарылуы керек. Бұның бәрі, тағы да біздің, басқаның емес, жазушылардың мойнына түседі. «Бабалар сөзінің» 100 кітабы толықтырылып, 150 том болып қайтадан шығарылса деймін. Естуімше, қолжазба қорында баспаға қолы жетпеген әлі 50 томдық қолжазба жатқан көрінеді.

Осы мақала-бағдарламаның арқасында қазір біздің жазушыларға көл-көсір тарихи тақырыптар ұсынылып, ұшан-теңіз мүмкіндіктер туып отыр деп санауға болады. Сіздер, қадірлі қаламдастар, бұл мақалада айтылған, ұлтқа қажетті бағыттардан қағыс қалмассыздар деп ойлаймын. Біразыңыз бұл мәселеде сергектік танытып, өз ой-пікірлеріңізді, жоба-жоспарларыңызды осы жерде және баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде ұсынарсыздар.

Дайындаған Ж.Баққондыұлы

Редакция таңдауы

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған мәскеулік екі қыз­дың видеосы көпшілікті таң­ғалдырған болатын. Осыдан кейін «қазақша акценті бар...

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы өмір­дерегіне тоқ­талсақ. Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген Мұсекең жас­тайынан алғыр, зерек...

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер мен естеліктер ар­қы­лы қызықты суреттеледі. Кітап шы­найы­лығымен да тартымды», – деп анық-қа­нық...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар…

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­дағы 1976 жылы салынған 4 қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Жауын-шашын күндері төбесінен су сорғалап, үйдің электр жүйесі істен...
Miras қоғамдық кеңесі

Miras қоғамдық кеңесі бас қосты

«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратында Miras республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті....
mycollages 4

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер...
107537

Дерт пе, әлде не?

Адамзат тарихында жыныс ауыстыру операциясы алғаш рет 1926 жылы Берлин қаласындағы Жыныстық...

Жаңалықтар

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қазгидромет мамандарының болжамына сүйенсек алдағы бірнеше күн еліміздің 8 бірдей өңірінде ауа райы күрт өзгереді. 23-25 сәуірде...

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы қандай?

Денсаулық сақтау министрлігі Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда шығарылған «Спутник V» вакцинасының сапасына күмәндануға еш...

Үржар әуежайы жабылады: Алакөлге қатынайтын пойыз және автобус саны арта ма?

Шығыс Қазақстан облысында Алакөлге баратын туристер үшін теміржол және автобус рейстерінің саны арттырады. 1 мамырдан бастап Үржар әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмысын жүргізу мақсатында жабылады....

Miras қоғамдық кеңесі бас қосты

«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратында Miras республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуда қазіргі отандық кинематография саласындағы өзекті мәселелері талқыланды. Кеңес барысында «Nur Otan»...

Атышулы Q-рор тобының мүшелері есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

Алматыда танымал Q-рор тобының мүшелері есірткі заттарын жасап, сатты деген күдікпен ұсталды. Полицейлер 21-30 жас аралығындағы 10 адамды ұстаған. Топты басқарған – 1994 жылы туған...

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленовтың мәліметінше, стипендиялар үш...

Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады. Жайсыз хабар туралы өнер иесінің...

Nur Otan: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия жұмысы тиімсіз

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай қаражат бөлінгеніне қарамастан, жекелеген елдімекендерде адамдар әлі күнге дейін суды тасып ішуге мәжбүр. «Nur Otan» партиясындағы...

Жаңадан құрылған Сауран ауданының әкімі тағайындалды

Ғани Рысбеков жаңадан құрылған Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі болып тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сауран ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. «Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы...

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған мәскеулік екі қыз­дың видеосы көпшілікті таң­ғалдырған болатын. Осыдан кейін «қазақша акценті бар...

Президенттің Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Құрметті кеңеске қатысушылар! Биыл – Егемен ел болғанымызға 30...

«Ахыс­ка» – ағайынға алтын көпір

Қазақстан және онда тұратын барлық этностың тыныс-тіршілігі әлемдік қауымдастықтың көз алдында. Қай елде болмасын, өмір сүріп жатқан әрбір этнос өкілдерінің рухани және мәдени өмірінде...

Ынтымақты елдің баласы бақытты

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатырмыз. Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың береке-бірлігі, татулығының арқасында шаңырағымыз шай­қалмай, отыз жыл бойы елімізде ұшан-теңіз игі істер...

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы өмір­дерегіне тоқ­талсақ. Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген Мұсекең жас­тайынан алғыр, зерек...

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер мен естеліктер ар­қы­лы қызықты суреттеледі. Кітап шы­найы­лығымен да тартымды», – деп анық-қа­нық...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар…

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­дағы 1976 жылы салынған 4 қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Жауын-шашын күндері төбесінен су сорғалап, үйдің электр жүйесі істен...

«Бұл айда төрт түрлі қасиетті көбейтіңдер…»

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетін қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға шақырып, бере­келі айда жасалған әрбір ізгі амалдың сауабы...

Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды – Қ.Тоқаев

Алдағы үш жылда Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды. Бұл туралы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Қазіргі...

Дерт пе, әлде не?

Адамзат тарихында жыныс ауыстыру операциясы алғаш рет 1926 жылы Берлин қаласындағы Жыныстық зерттеулер институтында жасалды. ХХ ға­сыр­дың басында өзінің жынысына көңілі толмайтындарға шизофрения диагнозы...

Тағдырым, саған не істейін?

Ерте көктемде тулап ағатын келте өзендер болады. Қара жер­дің бетіне тебіндеп көк шыға бастағанда, тебіреніп тасыған өзен­нің асау толқындары жеткен жері­нің бәрін де суға...

Телеарна рейтингі талғам таразысы ма?

Коронавирус пандемиясына байланысты жария­лан­ған карантин шектеулері телеаудитория ау­қымын ұлғайтты. Бұл құбылыс әлем елдерімен қатар Қа­зақстанда да байқалып отыр. Карантин шектеулері жұртшылықты үйде отыруға, ірі...

Нұрымбет САҚТАҒАНОВ: Абай Семей мен Жидебай арасында жүріп-ақ «Абай» болған

Семей – еліміздегі тарихи маңызы ерекше қаланың бірі. Өткен ғасырдың басында Алаш көсемдері осы шаһарда бас қосып, келелі кеңестер өткізгендіктен сол кезде зиялылар шо­ғырының...

Алматыда көлік кеңесі құрылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Сарапшылар қауымдастығы және белсенді қалалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту, бірыңғай...

Ине ұшындағы иммунитет

Былтыр қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия әлем халқының шамамен 70 пайызы вирусқа қарсы вакцина алған кезде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Елімізде вирусқа...

Түркістанның құрылғанына 3000 жыл толды

Түркістанның құрылғанына 3000 жыл толды дегеніміз – мақтаныш үшін айтыла салған сөз емес, тарихи шындық! Осы жылдың 20-22 наурызында Түркістан қаласында өткен ме­диа фо­рум­да тарих...

Президент еліміздің батыс өңірін сенімді электр желісімен қамтуды тапсырды

Еліміздің батыс өңірі сенімді электр желісімен қамтылуы тиіс. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бесінші –...

Мемлекет басшысы көлік қозғалысын басқару мәселесіне тоқталды

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өңірлерінде көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтары құру туралы тапсырма берді. «Қалалар ішіндегі автомобиль ағындарын...

 Мархабат Байғұт: қоғамдық кеңестер мол жауапкершілік жүктейді

 «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының кестесіне сәйкес, партияның Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Жиында партияның алдағы жоспарын межелеп, аумақтық филиалдарындағы сайланбалы...

Қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясын жөнелтуге қатысты. «Қазақстандық вакцинаның жасалуы біздің еліміздің...

Pfizer компаниясы өз вакцинасының жалған нұсқалары қолданылғанын анықтады

Pfizer компаниясы өз өнімінің жалған нұсқалары Мексика мен Польшада қолданылғанын анықтады, деп хабарлайды The Wall Street Journal. Екі елдің билігі дәрі-дәрмектің қаптамаларын тәркілеген, ал компания...

Жанжалға байланысты орнынан кеткен Өскеменнің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Үш жыл бұрын болған шулы оқиғаға байланысты лауазымынан айырылған Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінде жаңа лауазымға ие болды, деп...

«Роза Рымбаева да ауырып тұрыпты». Әнші Майра Мұхамедқызы вакцинаның әсерін ауыр өткергені туралы айтты

Опера әншісі, Шымкент қалалық Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы вакцина ектіргеннен кейінгі хал-ахуалы жайлы Instagram-дағы парақшасында жазды.  Әншінің айтуынша, 3 күнге дейін...

Бас прокуратура өлім жазасына қатысты заң жобасын әзірледі

Бас прокуратура елімізде өлім жазасын алып тастауды қарастыратын заң жобасын әзірледі. Бұл туралы Бас Прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов мәлімдеді. "Бас прокуратура өлім жазасы бойынша...

Аудандық мәдениет үйінің құрылысы партияның бақылауында болады

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өткен жылдың желтоқсан айында Көкшетауға келген ресми сапары барысында өткізген қоғамдық қабылдауында Аршалы ауданында мәдениет үйін...

Ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Жәркен Бөдешұлы 76 жасында өмірден өтті. Ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растады, деп хабарлайды malim.kz. Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай...

Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адам қаза тапты

Алматы-Нұр-Сұлтан тас жолында үш көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz. Алматы облысының полиция департаменті 2021 жылғы 21 сәуір күні сағат 18:20-да Алматы-Нұр-Cұлтан тас...

Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды

Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Алғаш рет сотталғандардың жақсы тәртібін, өзін-өзі жақсы ұстауын ынталандыру, сондай-ақ "кері байланыс" қағидаты бойынша...

Пәкістандағы терракт: Содырлар қытай елшісін жарып жібермек болған

Пәкістанның Кветта қаласындағы Серена қонақ үйінде терракт болды. Конақ үйдің көлік тұрағында бомба жарылып, кем дегенде төрт адам қаза тапты, 11 адам жарақат алды,-деп...

Өткен тәулікте 2 893 адам індет жұқтырған

Елімізде өткен тәулікте 2893 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды. Бұл туралы coronavirus2020 сайтында ресми хабарланды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 574, Алматы қаласы - 695, Шымкент қаласы...

Марста алғаш рет оттегі алынды

Марс атмосферасынан алғаш рет оттегі алынды. Бұл Қызыл планетаға жіберілген Moxie қондырғысы арқылы орындалды, - деп хабарлайды 24.kz Life.ru-ға сілтеме жасай отырып. “Бұл технологияны таныстыру,...

Тәуелсіздік шежіресі: 22 сәуір күні қандай елеулі оқиғалар болды?

1994 жылы Украинаның Қазақстандағы Елшілігі ашылды. 1997 жылы әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Талдықорған және Торғай облыстары таратылды. 2008 жылы Мемлекет басшысы ҰҚШҰ...

30-жылдардағы ашаршылық зерттеледі

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғылыми-сараптамалық тобы ұйымдастырған экспедиция барысында зерттеушілер тарихи маңызға ие орындарды аралап қайтты деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Экспедиция мақсаты – 1930-жылдары болған ашаршылық...

Алматыда тауға шығуға тыйым салынады

Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметтерге қарағанда,...

Елімізде алдағы үш күнде күн жылынады

«Алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталады, сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Сонымен қатар, биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан...

Үндістанда жаңа мутация пайда болды

Коронавирустың жаңа мутациясы Үндістанның Батыс Бенгалия штатында анықталды деп мәлімдеді Геномика және интеграциялық биология институтының қызметкері Винод Скария. Батыс Бенгалияда коронавируспен ауырғандар саны артқан: соңғы...

Елбасы Ахметжан Есімовті жаңа қызметке тағайындады

Елбасының шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Elbasy.kz сайтында хабарланды. Айта кетейік, Ахметжан Смағұлұлы...

Вакцина ектірмегендер жауапкершілікке тартыла ма? – Министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі түрде вакцина алу және одан бас тартқандарға айыппұл салынатыны, жауапкершілікке тартылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы inform.kz хабарлады. "Бізде мәжбүрлі...

Мәжіліс депутаты жол салуға көбірек ақша жұмсауды ұсынды

Жол салған кезде сапаға баса назар аудару қажет. Депутат Шәміл Осин 21 сәуірде Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында вице-премьер Роман Склярға ұсыныс тастады, - деп...

Жазушы Дулат Исабеков: Кеңес өкіметінің қайта орнағанын аңсай бастадым

Бұл туралы пікір жазушы Stan.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Журналистің «90-ншы жылдардан бергі өзгерістерге көңіліңіз тола ма? Теледидардан көрсетіп жатқан жетістіктер ауыз толтырарлықтай ма?» деген сұрағына: «Шынымды айтсам,...

Марат Әзілханов екі бірдей лауазымды қызметке тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын тағайындады. Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әзілханов Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы...

АҚШ санкциялары Қазақстанға әсер ете ме?

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға тигізер әсері жайлы айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz жеткізді. – Бұл санкциялар Ресейдің әрекетін өзгерту үшін қабылданғанын...

Түркістанда банк қызметкері тұрғындар атынан несие алған

Түркістан облысында полицейлер тұрғынның атынан артығымен несие рәсімдеп, ақша жымқырып, алаяқтық жасаған банк қызметкерін анықтады. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеп отыр. Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған....

Студенттер Жапония билігіне шағымданды

Оңтүстік Кореяда студенттер Жапония билігіне қарсы шеруге шықты. Себебі жуырда жапон билігі «Фукусима-1» атом электр станциясының суын мұхитқа төгу туралы шешім шығарған болатын. Наразылық акциясы...

АҚШ елшісі: Қазақстан біздің вакциналарды сатып алса деймін

Енді АҚШ-тың коронавирусқа қарсы вакциналары елімізге жеткізіледі. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер 21 сәуірде өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды regnum. Елші АҚШ-тың...

Қызылордада халыққа жалған ақпарат берілгендіктен 500 адам мемлекеттік орган ғимаратына жиналды (видео)

Қызылорда қалалық Жұмыспен қамту орталығында тұрғындардың жаппай жиналуы бойынша әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға байланысты тиісті сала басшылары түсініктеме берді. Жұмыспен қамту орталығында адамдардың көптеп жиналуына...

Шымкентте дәрігерлер өкпесі 80 пайыз істен шыққан науқасты аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан 52 жастағы азаматты аман алып қалды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Исагил Тасимті 4 сәуір күні өте ауыр...

Экс-министр Елжан Біртанов: Эпидемиямен қалай күресу керегін білемін

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов сотта өзін босатуды сұрады, деп жазды informburo.kz порталы. "Аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды" деп айыпталған бұрынғы Денсаулық сақтау минстрі...

Каспий жағалауында 20 түйенің өлексесі табылды

Ақтауда Каспий теңізі жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Каспий теңізінің жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер...

Израильде маскасыз жүруге рұқсат берілді

Израиль билігі 18 сәуірден бастап далада медициналық маска киюді міндеттеуді тоқтатты, деп жазады The Times of Israel. Жарлыққа елдің денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Хези Леви...

Нәсілдер қақтығысы: АҚШ-та митинг басталды

Огайо штатындағы Колумбус қаласында полицей 16 жастағы Макайя Брайант есімді  қара нәсілді қызды атып өлтірді. Осыған байланысты наразылық білдірушілер полиция ғимаратына жинала бастады. Бұл туралы...

Ақпанда жоғалған Атырау облысы тұрғынының денесі контейнерден табылды

Атырау облысында ақпан айының басында хабар-ошарсыз кеткен 29 жастағы Наурыз Әйтекешов өлі күйде табылды, деп хабарлайды azh.kz. Ол қала маңындағы Талғайран ауылының тұрғыны болған. Атырау...

Ағылшын футбол клубтары Суперлигадан шығатынын мәлімдеді

"Манчестер Юнайтед", "Ливерпуль", "Арсенал" және "Тоттенхэм Хотспур" ағылшын футбол клубтары еуропалық Суперлига жобасынан шығатыны туралы ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы футбол клубтарының ресми парақшасында...

400 жаңа мектеп салынады: Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Келесі жылдың соңына дейін 400 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысында...

Айсұлтан Сейітов алғаш рет толықметражды фильм түсірді

Әлемге танымал жұлдыздар - реперлер мен орындаушылардың бейнебаянын  түсіріп жүрген қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітов «ҚАШ» атты толықметражды фильмінің түсірілімін аяқтады, - деп хабарлайды...

АҚШ-Қазақстан арасында визасыз режим орнатыла ма?

Америка Құрама Штаттары Қазақстанға визасыз режим беруге әлі дайын емес. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Менің ойымша, біздің ел...

Қоғамдық кеңестер сайлауалды уәделерді қадағалайды

Жақында «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында алдағы бес жылда қаламыздың болашағы жарқын, экономикалық және саяси жаңғыру, қоғамды елдік мақсатқа ұйыстыру, мықты және келбетті...

9 мамырда мерекелік отшашу ұйымдастырылады

Ташкентте 9 мамыр күні сағат 21: 00-де Еске алу және құрмет тұту күніне арналған мерекелік отшашу болады. Бұл туралы президенттің Жарлығына сілтеме жасап УзА...

Енді нысандар құрылысының сапасын «Халықтық бақылау» қадағалайды

Алматы тұрғындары енді мегаполистегі нысандар құрылысының барысын өздері бақылай алады. Құрылыс процесіне жедел қоғамдық мониторинг жүргізу үшін және қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда «Халық бақылаушылары» дереу партиялық бақылау комиссиясына хабарлайды. Жоба «Nur Otan»...

Голливуд жұлдыздары Байденге өтініш жасады

Голливудтың ондаған жұлдызы және басқа да әлемге әйгілі адамдар АҚШ президенті Джо Байденге ашық хат жазып, Бразилия көшбасшысы Жаир Болсонарумен экологиялық келісімдерге қол қоюды...

СҚО-дағы су қоймаларында су деңгейі көтерілді

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің суы молайып, Долматово елдімекенінің маңында бір тәулікте 113 см дейін көтерілді. «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Сергеев су қоймасында су...

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды...

Депутат техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін көтерді. Осы орайда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдады. «Мемлекет әлеуметтік салаға жіті...

Жамбыл облысында басқарма басшысы тергеуге алынды

Пандемиядан пайда көрді деген күдікпен Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеліп жатыр. Әсет Қалиевке қатысты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қылмыстық іс қозғаған. Бұл...

Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалықтың баласы құтқарылды

Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының мәліметінше, кішкентай итбалық орталықта екі аптадай болған. Орталыққа түскен кезде әлсіз, салмағы 4,4 келі ғана болса,...

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық қорғау саласының ахуалы, прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықта атқарған...

«Талап етеміз!». Атырау облысында тағы да жер дауы туды

Атырау облысында тағы бір жер дауы туды, Тасқала ауылының 100-ден аса тұрғыны "ЭлитСтрой" ЖШС жеке компаниясының карьер жұмыстарын жүргізуіне қарсы болып, митингіге шықты, -...

Алматыда 380 орындық инфекциялық орталықтың құрылысы басталды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында жаңа медициналық орталықтың құрылысында болды, сондай-ақ велосипед мектебі мен «Ақбұлақ» ықшамауданындағы жаяу жүргіншілер аймағының жобаларымен танысты. Алматы әкімі...

Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 766 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай жатқан тұлғаларды анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 765,98 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланбай жатқандығы белгілі...

Мектепке қабылдау жүріп жатыр: Министрлік өтініштерді электронды форматта қалай тіркеу керектігін ескертті

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, алты жасар және биыл 6 жасқа толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. 20 күннің ішінде...

Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалған

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында жариялады. «Достар, біздің ел ерекше жануарларға бай. Солардың бірі...

Марафоншы Заңғар Әлкенов Рекордтар кітабына енді

Марафоншы, ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Заңғар Әлкенов Қазақстанның Рекордтар кітабына енді. З.Әлкенов 2020 жылдың қыркүйек айында 1,5 тәулік бойы тоқтамастан жүгіріп, 200 шақырымды құрайтын...

Петропавлда эвакуатормен вагон ұрлаған студенттер ұсталды

Петропавлда ұрылар тұрмыстық вагонды эвакуаторға салып әкетіп, бөлшектеп сатып жіберген. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 17 сәуір күні кешке Петропавл тұрғыны полицияға арызданып,...

21 сәуір: тарихтан орын алған маңызды оқиғалар

1925 жылы 21 сәуірде «Қазақ әйелі» және «Теңдік» газеттері негізінде «Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси журналы шыға бастады. Бастапқыда «Әйел теңдігі», «Сталин жолы» деп аталды. 1955...

Боао азиялық форумы: Елбасы бейнеүндеу жасады

Боао азиялық форумының пленарлық сессиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеүндеуі көрсетілді. ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы конференцияның негізгі тақырыбы –...

Жол ақысын төлегісі келмеген жолаушы такси жүргізушінің тамағын пышақпен осып жіберген (видео)

Барнаулда жол ақысын төлегісі келмеген жолаушы такси жүргізушінің тамағын пышақпен осып жіберген, деп хабарлайды Life.ru. Барнаул қаласында такси жүргізуші болып жұмыс істейтін 39 жастағы Михаил...

Асабалықпен айналысқан легионер ойыншы қазақстандық жанкүйерлерді таңғалдырды

Футболдан Қазақстан чемпионатының алтыншы турында «Тұран» командасының шабуылшысы Стенли Нкоби «Каспий» клубына қарсы ойында екі гол соғып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Қазақстанға Нигериядан келген Стенли...

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысына министрліктің ақпараттық саясат пен азаматтық қоғамды дамыту...

Карантин: ШҚО аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылды

Шығыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, өңір бойынша карантин 3 мамырға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19...

Бауыржан Байбек жылу электр орталықтарының экологияға әсері туралы айтты

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Тәңірберген Бердіоңғаровқа сұхбат берді. Бұл сұхбатта партия жұмысының жай-жапсары, сонымен қатар Болашақ степендиясы, жер мәселелерімен қатар...

Әуе компаниясы жолаушыларға 20 тілде шығатын 1000-нан астам электронды газет-журнал ұсынады

Air Astana әуе компаниясы MyPress электронды басылым қызметін іске қосты. Жаңа қызмет әлемнің 20 тілінде шығатын 1000-нан астам БАҚ-ты назарға ұсынады. Air Astana-ның Жобалар...

Балалар МӘМС аясында қандай медициналық көмек ала алады? – ТОП-10 сұраққа жауап

- Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлеу қажет пе? - 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық...

Ажалы алтыншы рет президенттікке сайланған күні келді

Чад Республикасының президенті Идрис Деби Итно 68 жасында өмірден озды. Бұл туралы Agence France-Presse хабарлады. Президенттікке алтыншы рет қайта сайланған Итноның қазасына 1970-2000 жылдар аралығындағы...

Сайлауалды бағдарламамыз өңірді кешенді дамытуға бағытталған – Марат Сырлыбаев

Жуырда өткен «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси Кеңес Бюросының  кезекті отырысында Сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылауға алатын 12 қоғамдық кеңестің құрамы мен төрағалары...

Сайрамдық кәсіпкер тойханасын спорт мектебіне айналдырды

Түркістан облысында карантин кезінде бұрын тойхана бизнесімен айналасатын кәсіпкерлер арасында істерін жаңа бағытқа бұрғандар артты.  Сайрам ауданындағы жергілікті кәсіпкері Өмірхан Оразымбетов үшін де бизнестегі...

СҚО-да 246 бастауыш партия ұйымында есеп беру жиналысы басталды

Бір апта ішінде нұротандықтар партия ұйымдарының 2019-2020 жылдары атқарған жұмысы туралы мәселелерді талқылайды, БПҰ төрағалары мен төрағаларының орынбасарларын, сондай-ақ партияның аумақтық филиалдарының конференциясына делегаттарды...

Биыл докторантурада оқуға қатысты қандай өзгерістер енгізілгені белгілі болды

Докторантураға түсу емтихандары биыл алғаш рет электрондық форматта өтеді. Үміткерлер докторантурада оқуға дайындығын тексеру үшін тест, білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан тапсырып, компьютерде...

1 шілдеден бастап халықты құжаттандыруда қандай өзгерістер болатыны белгілі болды

Келесі аптадан бастап ел азаматтары электронды төлқұжаттарын нотариаттық құжаттарын тіркеуде пайдалана алады. Сондай-ақ, нотариальды құжаттар электронды форматқа ауыстырылады, бұл азаматтарға есік қағып жүрмеуге, пошталық...

Шыңғыс Айтматовтың жұбайы дүние салды

Шыңғыс Айтматовтың зайыбы – Мария Айтматова өмірден озды, – деп хабарлайды Кабар агенттігі. «Ұлы жазушы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың зайыбы Мария Урматқызы Айтматованың өмірден озуын...

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Ауыл шаруашылығы министрлігі малшылар күнін бекіту арқылы сала жұмыскерлерінің беделін арттыруды, оларды көтермелеуді көздеп отыр Sputnik.кz сайтының жазуынша, Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін. Ауыл...

Жамаубаев биыл коронавируспен күреске бюджеттен 265 миллиард теңге бөлінетінін айтты

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы республикалық бюджет шығындары туралы баяндамасында Қазақстанда коронавируспен күрес шараларына 265 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отырғанын айтты. Қаржы министрінің айтуынша,...