Жаңалықтар

Еламан Ерғалиев допингпен ұсталды

ашық дереккөзі

Еламан Ерғалиев допингпен ұсталды

«Қазақстан барысы-2017» сайысының жеңімпазы Еламан Ерғалиев допинг-тестілеуден өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл ақпаратты Ұлттық допингке қарсы комитет растады. Спортшының қанында анықталған дәрмеккке қатысты тергеу жүріп жатыр. Әзірге шеттеу мерзімі айтылмады. Допинг 23 жастағы Ерғалиевтің қарашадағы дзюдодан Қазақстан чемпионаты кезінде тапсырған тестінен анықталған. Бұл жарыста ол екінші орын алған болатын. 2017 жылы Қызылорда облысының палуаны «Қазақстан барысында» жеңіп, 25 миллион теңге ұтыс алған. Айта кетейік, биыл қарашада Қазақстан допингпен ұсталғандар саны бойынша антирекорд орнатты.