Жаңалықтар

«Композитор» фильмі келер жылы жарыққа шығады

ашық дереккөзі

«Композитор» фильмі келер жылы жарыққа шығады

Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген «Композитор» көркем фильмі келер жылдың бірінші жартысында жарыққа шығады. Бұл туралы біздің тілшімізге сұхбат берген киноның қытайлық продюсері Джонатон Шэнь айтты, деп жазды «Хабар 24». Оның сөзінше, биылға жоспарланған туындының толықтыратын эпизодтары бар. Өйткені 3 сағаттық фильмді кинотеатрда көрсету үшін 90 минутқа дейін қысқарту қажет. Ал таспаланған дүниені кесіп тастағанда, мағанасы жоғалып кетеді. «Сондықтан толықтыратын тұстары бар», – дейді. Дегенмен биыл Бейжіңде Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы фильмді тамашалап, жоғары баға берген. Екі елдің бірлескен жобасы Бақытжан Байқадамов пен Сянь Синхай арасындағы достыққа арналған. 40 жылы Қытай орталық комитеті сазгер Синхайды Кеңес одағына музыка зерттеуге жібереді. Алайда соғыс басталып кетіп, композитор еліне қайта алмай қалады. Сырқатқа шалдығып, аштыққа ұрынған қытайлық композиторға Бақытжан Байқадамов пана болады. Жоба авторлары бұл халықтар достығын насихаттайтынына сенеді. «Биыл маусымда екі елдің президенті фильмді тамашалап, жоғары баға берді. Біздің шығармашылық топпен кездесіп, барлығымыз қанаттанып қалған едік. Бірақ толықтыратын, түзейтін жерлері бар. Қосымша түсірілім жасау керек. Біз одан қашпаймыз. Меніңше, келер жылы жарыққа шығарамыз», – дейді «Композитор» фильмінің продюсері Джонатон Шэнь .