Жаңалықтар

«Астана» бюджеті туралы алғаш рет айтылды

ашық дереккөзі

«Астана» бюджеті туралы алғаш рет айтылды

Соңғы бес жылдағы Қазақстан чемпионы «Астана» клубы кейбір қаржылық ақпараттарын бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. Атап айтқанда, жылдық бюджет биыл 31 миллион долларды құрайды. «Астананың» 2017/18 жылғы маусымдағы бюджеті де 31 миллион доллар болатын, ал 2016/17 жылғы маусымда - 29 миллион доллар, 2015/16 - 22 миллион доллар болған. Биылғы еурокубоктар маусымында елордалық ұжым алдымен Чемпиондар лигасында ойнап, іріктеу кезеңінің плей-офф матчына дейін барды, ал сол жерден Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Өз тобында 8 ұпаймен 3-орынды қанағат тұтқан елордалық ұжым еурокубоктардың көктемгі кезеңіне шыға алған жоқ.