Тартылып жатқан әлемдегі ірі тұзды көл - Урмия суы күрт көбейді

Тартылып жатқан әлемдегі ірі тұзды көл - Урмия суы күрт көбейді

Тартылып жатқан әлемдегі ірі тұзды көл - Урмия суы күрт көбейді
ашық дереккөзі
Ирандағы Батыс Әзербайжан провинциясында Урмия көлін қалпына келтіру комитетінің провинциялық басқармасының басшысы Урмия көлінің ауданы 2047 шаршы шақырымға жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Фархад Сархош жексенбі күні ИРНА-ға берген сұхбатында Урмия көлінің биіктігі теңіз деңгейінен 1270,54 метрді құрайтынын мәлімдеді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 26 сантиметрге жоғары. «2015 жылдың қыркүйегінде Урмия көлінің теңіз деңгейінен биіктігі 1270,08 метр болды. Бұл көрсеткіш осы уақытқа дейін тіркелгендердің ішінде ең төмені», - деді ол. Урмия -әлемдегі ең тұзды ірі көлдердің бірі. Ондағы су көлемі 1997 жылы 30 млрд текше метр болса, 2017 жылы айтарлықтай қысқарды - 2,5 млрд текше метр. Ол Иранның солтүстік-батысында орналасқан.