Индонезияда цунами салдарынан қаза тапқандар саны 281 адамға жетті

Индонезияда цунами салдарынан қаза тапқандар саны 281 адамға жетті

Индонезияда цунами салдарынан қаза тапқандар саны 281 адамға жетті
ашық дереккөзі
Индонезияда алапат цунами салдарынан қаза тапқандар саны 281 адамға жетті, деп жазды «Хабар 24». Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар жөнінен министрлігінің баспасөз хатшысы хабарлайды. Сондай-ақ табиғи апаттан 1 мыңнан астам адам жараланды. Цунами кезінде 57 адам жоғалып кеткен. Еске сала кетсек, 22 желтоқсанда Индонезияда цунами соқты. Метеорологтардың айтуынша, дүлей апатқа мұндағы Анак-Кракатау жанартауының атқылауы себеп болуы мүмкін. Билік иелері цунамидің қайтып айналып соғуы мүмкін екенін ескертті.