Жаңалықтар

Макрон Трамптың Сириядан әскерін шығару шешіміне өкінішін білдірді

ашық дереккөзі

Макрон Трамптың Сириядан әскерін шығару шешіміне өкінішін білдірді

Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамптың Сириядан әскерін шығару жөніндегі шешіміне өкінетінін жеткізді, деп хабарлайды  centralasian.org. Макрон 23 желтоқсанда Чадта өткізген баспасөз мәслихаты кезінде "одақтас сенімді болу керек" деді. "Мен АҚШ президентінің Сирия жөніндегі шешіміне қынжыламын", - деп атап өткен. Өткен сәрсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп екі ай ішінде Сириядан әскерін түгелдей шығаратынын мәлімдеген. Трамптың пікірінше, ондағы әскерді ұстау америка бюджетіне өте қымбатқа түсіп жатыр. Оның үстіне АҚШ-тың ұлттың мүддесіне пайда әкелмейді деген. 2014 жылдан бері Сириядағы АҚШ әскері әскери күрдтерге және Сирияның қарулы оппозициясына "Ислам мемлекеті" террористік тобымен күресуге көмектесіп келген. Трамп сонымен бірге "Ислам мемлекеті" күйреді деп мәлімдеді. АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Трамптың бұл шешімімен келіспейтінін, сол үшін отставкаға кететінін мәлімдеген.