Бразилияда жоғары сұрыптағы кофе бағасы құлдырады
Бразилияда жоғары сұрыптағы кофе бағасы құлдырады
Биыл өңделмеген кофе құны ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
15 жылда алғаш рет арабика дәндерінің жарты келісін 90 центке, яғни 300 теңгеге алуға болады. Кофе бағасының арзандауына бірнеше себеп бар. Біріншіден. биыл шикізат жылдағыдан артық мөлшерде жиналды. Сондай-ақ бразилиялық реал бағасының құлдырауы кофе құнының төмендеуіне әкеп соққан. Жыл басынан бері ұлттық валюта 24% құнсызданды. Бұдан бөлек, Вьетнам, Колумбия мен Индонезиядағы кофе өндірісі де Бразилиялық өнімнің бағасына кері әсерін тигізді.