Студенттердің ең үздік жобалары анықталды
Астанада ҚР Білім және ғылым министрлігінің тікелей бастамасымен –өкізілген «Студенттердің 100 үздік идеясы» атты республикалық конкурстың жеңімпаздары анықталды.
Атап айтсақ, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің 2-курс студенттері Қаратаева Балжан Мұратқызы мен Емангалиева Камила Аскаровна ұсынған «Alshy» - ұлттық брэнд» жобасы конкурстың жүлделі I-орынды иеленіп, ноутбук ұтса, ал Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика және басқару факультетінің 3-курс студенті Жолдыбай Алтынай Ерболқызы ұсынған «Digital University» жобасы конкурстың жүлделі II-орынға шығып заманауи планшет ұтып алды. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Филология және тарих факультетінің 3-курс студенті Оразбек Айгерім Тәнірбергенқызы ұсынған «Тіл туризмі» жобасы конкурстың жүлделі III-орнына өтіп, ұялы телефонға ие болды.
Конкурстың жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында марапатталды. Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, БАҚ басшылары, ұстаздар мен студент жастар қатысты.
Еске салсақ, «Студенттердің 100 үздік идеясы» конкурсы Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін жүзеге асыру жөніндегі жалпы республикалық «100 идея» жобасын іске асыру щеңберінде өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушылары ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Ел-шежіре» қоғамдық қоры.
Конкурс инновациялық қызметті белсендіруге, тәжірибелік мүдде мен қоғамдық маңыздылықты білдіретін инновациялық идеялар мен жобаларды анықтауға және енгізуге бағытталған болатын. Конкурс мақсаты – үздік идеялар мен жастар бастамаларын жинақтау.
Конкурс материалдары төмендегі бағытта өтті:
- Қазақстанның қасиетті жерлерін бренділеу және оларды әрі қарай дамыту;
- қолайлы қала ортасын қалыптастыру;
- ауылдық жердің тұрмысын жақсарту;
- «табыс тарихы» мен селф-брендингты көпшілікке тарату саласындағы бастамалар
- бизнес-жобалар мен стартаптар;
- әлеуметтік саладағы жаңа цифрлық шешімдер;
- латын әліпбиінге көшу;
- алғаш қазақ тіліне аударылған кітаптарды оқуға және көпшілікке таратуға қызығушылықты арттыру;
- өлкетану;
- Қазақстанның мәдениетін шетелге таныту және елдің халықаралық қоғамдық-мәдени ұстанымы.
Биылғы жылы жоғары аталған кокурске 100-ден аса өтінім қабылданды.