Германия АҚШ-тың Сириядан әскерін шығаруына алаңдаушылық білдіреді
Германия АҚШ-тың Сириядан әскерін шығаруына алаңдаушылық білдіреді
АҚШ-тың Сириядан әскерін шығаруы "Ислам мемлекеті" террористік ұйымымен күреске кері әсер етеді. Осылай деп 20 желтоқсанда Германия сыртқы істер министрі Хайко Маас мәлімдеді, деп хабарлайды centralasian.org.
Ол Ақ үй шешімі Германия билігін таңқалдырды деп атап өткен. Германия сыртқы істер министрі расында Сирияда радикалды исламшылдардің әлсірегенін, бірақ әлі де қауіп бар екенін айтады.
Осыған дейін Франция үкіметі әзірге Сириядан әскерін шығару ниеті жоқ екенін мәлімдеген. Бұл жөнінде Cnews телеканалына Францияның еуропалық іс бойынша министрі Натали Луазо сұқбат бергенде айтқан. Ол жақында бес адамның өліміне әкелген Страсбургтегі терактіні алға тартып, "терроризммен күрес әлі аяқталған жоқ" деп мәлімдеген. Бұл жағдайға Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху да алаңдайтынын жеткізген.
Сәрсенбі күні Ақ үй өкілі Сара Сандерс Құрама Штаттар Сириядан әскерін шығарады деп мәлімдеді.
Вашингтон 60-100 күн аралығында әскерін толық шығармақ. Аймақта екі мыңнан астам америкалық сарбаз бар.
Сәрсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының күйрегенін, "АҚШ әскерінің Сирияда қалуының жалғыз себебі ИМ-ді жеңу болғанын" жазған.