Жаңалықтар

Түркістанда 1536 пәтерлі 26 тұрғын үйдің құрылысы басталды

ашық дереккөзі

Түркістанда 1536 пәтерлі 26 тұрғын үйдің құрылысы басталды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығы - Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеріп жатқан бес қабатты 26 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. 1536 пәтерден тұратын баспаналардың 1200 пәтері (20 тұрғын үй) арендалық үйлер болып табылса, қалған 6 тұрғын үй, яғни 336 пәтер кредиттік баспаналарға жатады.

Іргетасы осы жылдың қыркүйек айында қаланып, мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан 60 пәтерлі 20 тұрғын үйдің 11-і (660 пәтер) 2019 жылдың сәуір айында  тапсырылады. Қалған 9 тұрғын үй (540 пәтер) құрылысы қараша айында басталған-ды. Тапсырылу мерзімі келер жылдың қараша айына жоспарланған.