Елбасы мақаласы Түркияда талқыланды
Елбасы мақаласы Түркияда талқыланды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі күні қарсаңында Түркияда талқыланды.
Нийде Өмер Халисдемир университетінде ұйымдастырылған алқалы басқосуға аталған жоғары оқу орнының ұжымы, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Түркияда білім алып жатқан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен өзге де қазақстандық оқу орындарының магистранттары мен докторанттары қатысты.