ҚАРА КҮРІШТІҢ ҚҰПИЯСЫ
ҚАРА КҮРІШТІҢ ҚҰПИЯСЫ
Оңтүстік Кореяның ғалымдары қара күріштің артық салмақтан арылуға көмектесетінін және семірудің алдын алатынын анықтады. Ғалымдар тобы зерттеуді артық салмағы бар зертханалық тышқандарға жүргізсе керек. Сараптама барысында кеміргіштерге қара күріш берілген. Бұл азық тіпті калориясы жоғары арнайы тағаммен қоректендірген кеміргіштердің өзінде бауырдағы майдың жиналу процесін тоқтатқан. Сонымен қатар, тышқандарда холестерин деңгейінің төмендегені байқалды. Жұмыс авторларының айтуынша, ақ күрішпен салыстырғанда қара күріште антиоксиданттардан астық тұқымдастарының түрі көбірек болады және қанты аз. Сондай-ақ, қара күріште гликемиялық индекс айтарлықтай төмен ‒ бар болғаны 42,3, ал ақ күріште ‒ 64. Ғалымдар тұжырымы бойынша қара күріш ақ күрішке қарағанда айтарлықтай таза сорт. Ежелгі қытайлар оны пайдалану бүйректің, асқазанның және бауырдың жұмысын жақсартады деп санап, мәртебесі төмен адамдардың оны жеуіне немесе өсіруіне тыйым салынған. Сол үшін де қара күріш «тыйым салынған күріш» деп аталған екен. Аталған дақыл Қытай, Корея, Индия сынды мемлекеттермен қатар Қазақстанда да өседі.