Қазақстанда ойсылқара азайды
Қазақстанда ойсылқара азайды
Қараша айында Қазақстанда түйелер саны саусақпен санарлық болып қалды. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, еліміздегі түйелер саны 2,9 мың басқа кеміген. Негізінен 4 облыста 500-ден астам түйе саны азайып отыр. Олар Қызылорда облысы ‒ 0,7 мың басқа (47,2 мыңнан 46,5 мыңға дейін), Маңғыстау облысы ‒ 0,7 мың басқа (62 мыңнан 61,3 басқа дейін), Ақтөбе облысы ‒ 0,6 мың басқа (17,2 мыңнан 16,6 мыңға дейін) және Түркістан облысы ‒ 0,5 мың басқа (27,2 мыңнан 26,7 мыңға дейін). Тағы төрт облыстағы түйе саны 0,1 мыңнан 0,3 мыңға дейін қысқарған. Қараша айына дейінгі есеп бойынша 205,9 мың бас түйе болу керек болса, олардың қазіргі саны 203 мың болып отыр. Елімізде түйенің көп бөлігі үш облыста орналасқан. Маңғыстау облысында ‒ 61,3 мың, Қызылорда облысында ‒ 46,5 мың, Атырау облысында ‒ 32,4 мың бас түйе бар. Бұл ‒ 140,2 мың бас немесе елдегі осы түлік түрінің 69 пайызы. Еске сала кетейік, биылғы жылдың бірінші жартысында бұл жануардың төлдеуі кезінде түйе саны 16,4 пайызға өскен. ҚР Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 188,4 мың түйе болған, ал 1 шілдеде 219,3 мың түйе басы тіркелген. Нәтижесінде жарты жылдың ішінде түйе басының саны 30,9 мыңға немесе 16,4 пайызға көбейген еді. Түйе санының күрт кеміп кетуі Ойсылқараның әлі күнге қағажу көріп келе жатқанынан емес пе?