Мемлекеттік тілге аударылған мюзикл
Мемлекеттік тілге аударылған мюзикл
«Qazaqconcert» мемлекеттік концерттік ұйымы Гиннестің рекордтар кітабына енген «Notre Dame de Paris» мюзиклін көрерменге қазақ тілінде ұсынбақ.
Атақты француздық-канадалық мюзиклдің премьерасы 2018 жылғы 18-24 желтоқсан күндері аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында тәуелсіз Қазақстанның мәдени тарихында тұңғыш рет әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклінің қазақ тілінде сахналануы ˗ ел үшін үлкен мәртебе.
«Әлемдік мәдениеттің жауһарына айналған «Notre Dame de Paris» мюзиклі ˗ Гиннестің рекордтар кітабына енген озық туынды. Дүниежүзі бойынша 11 миллионнан астам көрермен тамашалап үлгерген үздік туынды әлемнің тоғыз тіліне аударылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан атақты мюзиклді өзінің мемлекеттік тіліне аударған оныншы ел болып отыр. Енді ХХ ғасырдың үздік әндері атанған «Belle», «Danse mon esmeralda», «Le Temps des Cathedrales» өлеңдері қазақ тілінде орындалады», ˗ дейді өнер ордасының баспасөз қызметі.