«Астанам – сенсің айбарым!»

«Астанам – сенсің айбарым!»

«Астанам – сенсің айбарым!»
ашық дереккөзі
«Қазақстан» концерт залын екі күн бойы дүркіреткен айтыс биыл ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елорданың 20 жылдығына және Тәуелсіздік мерекесіне арналып, «Астанам, сенсің айбарым» тақырыбымен өтті. «Алтын домбыра» айтысы биыл жетінші мәрте өткізіліп отыр. Айтыста үшінші орынды Ринат Заитов, Мақсат Ақанов пен Рүстем Қайыртайұлы еншіледі. Ал екінші орын екі ақын – Мейірбек Сұлтанхан мен Еркебұлан Қайназардың қанжығасында. Бірінші орынға «Айтыстың ақтаңгері» атанған Дидар Қамиев ие болса, бас жүлдені биыл батысқазақстандық Жансая Мусина жеңіп алды. «Алтын домбыра» иегеріне 5 млн теңге берілді. Еске сала кетсек, биыл 7-рет өткізілген «Алтын домбыра» айтысына жыл бойы өткен додалардың жеңімпаздары: Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансұров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған қатысқан болатын.