Алаш қайраткерлері және қазақ кітабы

Алаш қайраткерлері және қазақ кітабы

Алаш қайраткерлері және қазақ кітабы
ашық дереккөзі
Өткен аптада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында «Қазақ кітабы: Алаш қайраткерлерінің кітап басу ісінің дамуына қосқан үлесі» атты халық­аралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оқу ордасының журналистика факультеті, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырған жиынды ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Бауыржан Жақып жүргізді. Конференцияда Мәмбет Қойгелді, Хангелді Әбжанов, Кәкен Хамзин, Аманқос Мектептегі, Ғарифолла Әнес, т.б. белгілі ғалымдар баяндама жасап, 20-ғасырдың бас кезінде елімізде қоғамдық сананы жаңғыртуға зор үлес қосқан Алашорда қайраткерлерінің кітап басу ісін дамытуға сіңірген еңбектері жан-жақты сөз болды. Сол сияқты конференция барысында «Алаш туы астында» атты деректі фильм көрсетіліп, 1923 жылы Мәскеуде жарық көрген «Темірқазық» журналының кирилл харпіне аударылып басылған нұсқасының тұсаукесер рәсімі болды. Алашшыл азаматтардың мұрындық болуымен жарық көрген газет-журналдар мен кітаптардан құралған фотокөрме келушілердің назарына ұсынылды.