Қалтай Мұхамеджанов: Абайы бар қазақ адаса қоймас

«ҚЫРШЫНЫН ЖЫР ЕТКЕН,АРМАНЫН ТУ ЕТКЕН ҚАЗАҚ»

* * *

..Байқаңдар, ағайын, халық тарихы – киелі ғимарат. Оның есігін адал пейіл, ақ жүрекпен ашыңдар. Ал саясатқа келсек, бұл да медицина, математика сияқты қиын мамандық. Оның ішкі механизмінің тілін тауып, тамырын басу деген жыланның тісін санап, арыстанның азуын емдеуден де ауыр шаруа. Сондықтан тарихқа да, саясатқа да сақ болған жөн. Осындайлардың ортасынан шыққан не ұлттық үлгісі, не азаматтық нішәні белгісіз кейбір рухани қызметкерлер «Қазақ әлі ұлт болып қалыптаспаған, әлі этнос қалпында» дегенді шығарып жүр. Оларға айтарым, этнос дегеніміз – «биогенетическая категория» деген ғылыми тұжырымға жүгінсек, қазақ жеті атаға дейін қыз алыспау пәтуасына келген күннен бастап бұл дәуірді басынан кешкен болып табылады. Ал енді «национальность – социокультурная категория» дегенді мойындасақ, бұл дәуірді қазақ басынан кешіп келе жатқалы қай заман. Сонда біз әріге бармай-ақ, ұлттық рухани мәдениетіміздің мақтанышы Шоқан, Махамбет, Абай, Шәкәрім, Жамбыл, Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаевтарды этностың еншісіне берсек, алдымен бұлардың қай папуастардың әйелдерінен туғанын дәлелдеуіміз керек. Бұдан 1200 жыл аса бұрын Орхон-Енисей жазбасында қазақтың қолтаңбасы болғаны өз алдына. Ежелгі Шығыс пен гректердің ғажайып туындыларын ұлт жасамай, этнос жасады дегенге кім сенеді? Иллиада мен Одиссеяны немесе «Шахнама» мен «Слово о полку Игоревені» ұлт жасамай этнос жасап еді дегенге кім сенеді? Демек, этнос адам баласының балаң шағы болса, ұлт – есейген, өз тілінде әдебиет пен мәдениеттің негізін қалай бастаған шағы. Түптеп келгенде, капиталистік ұлт, социалистік ұлт дегендер марксизм алхимиктерінің сәуегейлігінен туған ұғымдар. Олар – әдейі әрбір ұлтты өз тарихынан, өз мәдени мұрасынан айыру саясатын көздеген қағидалар.

* * *

…Ұлттық идеология демекші, осы кезде баспа беттерінде «бізде ол жоқ» деп жар салушылар көбейіп кетті. Алдымен басын ашып алайық. Идея – мұрат болса, идеология соған жетудің ғылыми жолдары. Қайсы бір ұлт болмасын, оның келбетін танытатын тілі, діні, дәстүрі, тарихи өткен жолы. Жіліктеп айтсақ, ұлттық идеология бір күнде қаулы шығарып, қарар қабылдап, сабынан ұстата қоятын саптыаяқ емес. Ол ғасырлар бойы қалыптасады. Оның тағдыры әріде жатыр. Керек десең, тамыры ананың әлдиі – бесік жырынан басталады. Баршаға мәлім ерлікті, адалдықты, азаматтықты, әдеп-әркенді уағыздайтын батырлар жырлары мен эпостарды былай қойғанда, мақал-мәтелдер, дуалы ауыздан шыққан қанатты сөздердің өзі идеология атаулының қай халықта болмасын қайнар көздері.

Осы қазақтың бағзы заманнан келе жатқан жігіттің – өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты деген киелі ұғымдар бар. Әрбір азамат осы үш жұртқа да бірдей қамқор болуға борышкер. Осыған орай, «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне», «Үйден безсең де, діннен безбе» деген қағидалар ұлттық мұраттың қадау-қадау ережесі емес пе? Ұлан-байтақ мекеніңді қорғауда осылар қай патриоттық ұраннан кем түседі?

* * *

…Осында отырған тарих ғылымы тағының иелері мен таяғын ұстап жүргендердің, маған қазақ халқы тарихи сахнаға шығып, ұлт болып ұйытқы тапқалы жүзге бөлініп, әр хандыққа қолы жеткелі, мемлекет атанып мәмілеге келгелі, не таққа таласып, не байлық-баққа таласып, не жерге таласып өзара соғысқанын дәлелдеп бере алатын біреуі бар ма? Кешегі күнге дейін, керек десең қазір де шым-шытырық шайқасты бастан кешіріп отырған Шығысты былай қойғанда, өзіміз білеміз-ау деген Еуропаға зер салайықшы. Людовик ХІ-ге дейінгі (15 ғ.) француз тарихын алыңыз, Иван Грозныйға дейінгі (16 ғ.) Ресей тарихын алыңыз, Отто Бисмаркке дейінгі (19 ғ.) Германия тарихын алыңыз, бәрі қашан бастары қосылып, қашан мемлекет іргесі бекігенше өзара қырқысудан көз жазды ма? Осы кезеңдер қазақтың жүздік кезінде де, хандық кезінде де өзінің куә болған, көз алдынан өткен дәуірлері еді ғой. Бақсақ, осы бес ғасырдан аса уақыт өресінде қазақ даласында өзара бірде-бір соғыс болып көрмепті. Әлбетте, ел болғасын ағайын арасында азды-көпті қырғи-қабақ, қиян-кескі қылықтар көрінетін. Бірақ олар жесір дауы, барымта-сарымтадан әрі аспайтын. Қазақ: «судың іргесін шым бекітеді, сөздің іргесін шын бекітеді, ардың іргесін дін бекітеді, даудың іргесін қыз бекітеді», – деп ондайлардың аузына кезінде құм құйып отырған екен.

* * *

Жаңа біз қазақ халқы өзара соғыспады дедік. Енді осының сыры неде екен? Соған келейік. Меніңше, мұның сыры – қазақтың генетикалық кодында – нәсілдік шартында жатыр. Дүниежүзіндегі халықтардың ішінде жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі тек қазақта ғана бар екен. Классикалық демографиялық рәсімінде бұл 175 жыл деген сөз. Көшпелі халық жыл сайын мерзімді жерлерінде жайлау-қыстауында бір-бірімен араласып, тоқайласып жатады. Бір күні Алтайдың қызы Атырауға ұзатылады, Сырдың қызы Ұлытауға кетеді, Ұлытаудың қызы Сыр бойына келін болып түседі. Сөйтіп бой жеткен қыз арқылы келген салт-дәстүр, әдеп-әркен, ән-күй, жыр-жоралғы араласып кетеді. Ақыры Абай мен Махамбетті, Бұқар мен Сүйінбайды туғызған елге тілмаштың керегі болмай қалады. Осылайша қазақтың ана тілі қалыптасады. Ана тілі дейтін себебі де ұлттық тіліміздің негізін қалаған қазақтың қыздары боп шығады.

…Ана демекші, басқа халық, ұлттарға қарағанда, қазақтың әлеуметтік өмірінде әйел әулетінің орны ерекше. Қазақта «тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» деген мәтел бүкіл фольклорда бой көрсетеді. Бұл майдан даласының өзінде де азаматтармен қыздардың да бірге жүргендігін дәлелдейді. Қазақ: «Алып анадан туады», «аяғын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» деп жатады. Осының өзі әйел қауымының біздің қоғамда ерекше орнын танытады.

* * *

…Өкінішке қарай, қазір дастарқан басында болсын, кейде баспасөз беттерінде болсын, зиялымын деген кейбіреулердің аузынан: «Қазақта бірлік болмаған», – деген сандырақты естігенде қарап жүріп қарның ашады. Олай болса тарихқа жүгініп көрейікші. Баршасын көзінен тізіп жатпай-ақ, екі мысал: егер бірлік болмаса, 1643 жылы Жетісудағы Салқам Жәңгірдің кезінде жоңғарлар шайқасына сонау жердің түбі қияннан, кіші жүздің Алшын руынан Жалаңтөс батыр жиырма мың сарбазымен Жәңгірге келіп, бірге шайқасып, жау бетін бірге қайтарар ма еді? Егер бірлік болмаса, о жақ бұ жағы үш жүз жылға созылған қазақ-жоңғар соғысының ең соңы – 1729 жылғы Аңырақайдағы 40 күндік қиян-кескі шайқасында Ұлы жүз сарбаздарын Саурық батыр, Орта жүз сарбаздарын Қара керей Қабанбай, Кіші жүз сарбаздарын Тайлақ батыр басқарып, арыстандай алысып, түбегейлі жеңіске жетер ме еді? Осыдан артық бірлік-берекенің үлгісі болар ма? Өзіңіз қараңыз, мына дүниежүзінде көлемі жағынан 9-орын алатын байтақ мекенді бізге сан ғасырлар бойы не қытай, не орыс, не фарсы қорғап берді ме? Білетіндердің есебі бойынша, осы жер үшін кейінгі екі жарым ғасырда 6 миллионнан аса батыр-бағландарымыз құрбан болған екен. Осыны біле тұра бабаларымыздың әруағының алдында «бізде бірлік жоқ» деуге саңылауы бар қазақтың дәті қалай шыдап, аузы қалай баратынына таң қалам.

* * *

Рухани мұрадан басқа ізі қалмаған талай ұлы халықтар өткен жоқ па? Халық санының көбеюі, азаюы, мүлдем жоқ болып кетуі тағдырдың қолындағы таразыға байланысты. Бүгін көп екенмін деп кеуде соғып желбуаздану – күпірлік. Бері салғанда бейпарасаттық, әрі салғанда рухани соқырлық пен мәдени қайыршылықтың көрінісі. Соны көріп отырған біздің Орта Азия, Ресей, Кавказ өңіріндегі түркі тектестер бір-біріне тіксіне қарайтындай не қара басты? Бүйте берсек, сапа жағынан да, сана жағынан да, бәрімізді қосқанда он орап алатын шекаралас отырған екі алпауыттың мазағына желеу болғаннан басқа не қалады? Бөлінгенге бөрі дайын. Тоқтыны жеген қасқыр, түйе етінен жиіркенбейтінін әр сәт есімізде сақтағанымыз абзал. Анау алыстағы Түркиядан неге үлгі алмаймыз? Ол саған құшағын жайғанда, кемдігінен, аздығынан жайып отыр ма? Бәрі бірліктің мүддесі емес пе? Мұндайда «түбіттен тікен, кіседен кісен іздегенше» тағдыр саған өміріңде бір рет, бәлкім, соңғы рет, есіңді жияр аз ғана пұрсат берген екен, соны опық жеп қалмау үшін, оң-солымызға салауатты сабырмен қарап, бірлік-ынтымақтың жолында ұқыпты ықыласпен пайдаланып қалсақ не етті? Көрші бауырымыздан бір жейдеміз артықтығына мәз болып, уақытты оздырып алсақ, келер ұрпақ өмірі кешірмейтіндігін есте неге тұтпаймыз? Күштінің қанжығасында байланып, ғасырлар бойы үмітіңді үрей басып келген жәутең көзіңнің қанды жасын неге ұмытасың? Сен бүгінгі бостандығыңа ғасырлар өресінде құрбан болған, қан кешіп, қазаға сүрінген ата-бабаңның әруағын сыйла. Сенің бүгінгі тәуелсіздігің – солардың аманаты. Бес күнгі тоқтығыңа құл болмай, тарих алдындағы жауапкершілігіңді жан-жүрегіңмен сезін. Сені ұл тудым, тағдырымды тапсырдым деген халқымыздың қарғысына ұшыраудан Алла сақтасын!

* * *

Өнердің классикалық қазынаға айналған озат үлгілеріне уақыт оздырып барып қайта оралып отыру үлкен мәдениеттің айнымас салтының бірі. Адамзат ақылы қалдырған оқшау мұралар заманнан-заман өткен сайын тек қана эстетикалық нәр алып, көңіл көтеріп қызықтау үшін ғана емес, негізінде әр ұрпақ, әр буынның тәрбие алып отырар ұстазы. Оның классика аталып, өлмес-өшпес өміршеңдікке ие болар сипаты да, құдіреті де осында жатуы ықтимал.

* * *

Қазақ қауымы ежелден әнді қос қанаты деп таныған. Бір қанаты ырғақ-әуен болса, екінші қанаты өрнекті ойға құрылған құнарлы сөз. Ұлы Абайдың: «Құр айқай бақырған құлаққа ән бе екен?» дейтіні де содан. Жалғыз қанатты құстың ұзаққа бармайтыны белгілі. Сөз демекші, бізде тым тәуір даусы бар жігіттер мен қыздардың кейде өз үніне өзі ғашық болып, әулекілене жөнелгенін көргенде сөз сорлының қай жерде жаны шығып, қай сайда қаңқасы қалғанын да аңғармай қаласың. Бүкіл ән мәтініндегі он шақты дауысты дыбысты қыл арқанға көгендеп алып, не мектебі, не мекені белгісіз жайдақ шырқаумен қанша құлпыртсаң да, «Өнер алды қызыл тіл» деген ұғымнан әзір қол үзе қоймаған халыққа әлгі даңғаза дарымайды, құлаққа кірпідей, денеге түрпідей қадалады. Демек, ән көңілдің күйін оятса, сөз ойға түрткі. Ойсыз күйдің күні құрысын.

* * *

Асылында, талант табиғатының тылсым құпиясы, сиқыр сыры бөгде көз былай тұрсын, сол талант иесінің өзіне де жауабын таптырмас жұмбақ болып қала беретін шығар. Кейде, өнерге көңілдес келіншегіндей жеңіл-желпі қарайтын, «жазушы» деген атаққа ғана мәз боп жүретін желөкпе дембуаздар болмаса, нағыз таланттың бірі «мен осылай едім» деп кеуде соқпаған ғой. Өйткені өнер атаулы киелі кеселге жөргегінде жатқан қай уақытта «қағынғанын» ол қайдан білсін! «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деген кемеңгер Абайдың өзі де кім екенін білмей, оның жауабын келер ұрпаққа арқалатып, күні бүгінге дейін басымызды қатырып келе жатқаны бар емес пе. Соның өзінде «ұлысың», «дәнішпансың» дегеннен басқа қай сырын алып қарық қылдық…

* * *

Өлім мен өмірдің екіұдай таласын өз көзімен көріп, өз басынан өткендердің туа біткен таланты болса, шыншыл болмасқа жайы жоқ. Небір ұлы арпалыстарды, шендескен шындықтарды жүрек елегінен өткізгендердің сыршыл болмасқа әлі жоқ. Әдебиеттегі жаңашылдық адам болмысын бұрынғыдан гөрі тереңірек түсінуге көмектесетін жаңа сыр. Арғы жағында ондай жаңа сыр, жаңа шындық жатпаған жаңашылдық оқырманның жан-дүниесін байытар жаңа қазына емес, жай әшейін көз алдар алабажақ, көңіл алдарқатар көп өтіріктің бірі.

* * *

Шындыққа жүгінсек, халқымыздың арғы-бергі тұрмысында суреткерлер назарына жөнді ілікпей, зерделі ой, зерек қиялдың арнайы аттанысын күткен қат-қабат өмірдің қойнау-қуыстарында талай тірлік пен сан-қилы сыр-сипаттың сиқыр құпияларын бауырына басып, әлі әдебиет арқауына айналмай жатқан тақырыптарда қисап жоқ.

…Әңгіме тақырыптың үлкен-кішілігінде емес, суреткердің шеберлігі мен тереңдігінде деген қағида бар ғой. Тек келсаптан қазық шығара алмайтын «шеберлік» пен кездіктен қанжар соғам деген «зергерліктен» сақтасын.

Әдебиет пен өнер мұндай әумесерлікті көтере алмаса керек.

* * *

Меніңше, қандай бір жазушы болмасын, қай тақырыпқа жазса да, ол өзі өмір кешіп отырған заманының идеясы рухында заманының мүддесін көздеп, заманының мұқтажын іздейді. Замандасының талғамына сай, дәуірінің талабына жауап қарастырады. Соны тапқан бүгінгінің жазушысын бүгінгінің сөзін айтып отыр деп білемін.

* * *

Әрбір ақын-жазушының, өнер қайраткерінің рухани мәдениетіміздегі орнын айқындайтын негізгі мәселе – оның ұлттық мәдениетке қосқан үлесімен өлшенеді.

* * *

Мен өзім тарихи тақырыпқа шығарма жазған емеспін. Көптен ойым бар, бірақ қорқа берем. Ол үшін тарихты білу аз. Ғасырларға сапар шегу оңай емес. Өйткені сен, өз заманыңның тарихқа жіберген өкілісің. Заман талабы, оқырман ойынан шығарыңа сенбесең сапар шегіп керегі не? Алдар Көсе мен сайтанның картоп еккені сияқты түйнегін түбіне қалдырып, тарихтың сояу сабағын арқалап келгеннен не абырой, не атақ. Менің қорқатыным сол.

Қысқасы қай тақырып болса да заманыңмен үйлесу, үндесу таппаса – зая кеткен еңбек, арам төгілген тер, тұл тебіреніс, дәйексіз даңғаза болып қала бермек.

* * *

Осы күнгі қабырғалы халықтардың әдеби мұрасы, азаматтық тарихына зер салсақ, бірлік-ынтымақ үшін небір батыр-бағланы, аяулы аруы құрбан болған. Тарихтан талай өгейлік көрген қазақ халқы да бұл кер кезеңді басынан өткізген.

Міне, «сыймай емес, сыйыстырмай жүрген» кеселдің бірі ру тартысы. Ағайын арасындағы алтыбақан алауыздық. Бауырдан бақастық, жақыннан жәбір шеккен қор тірлік. «Бақытсыз елге басшы табылмай», «батыр дегені қарақшыға, ақсақал дегені аяңшыға айналған, сең соққандай сергелдең кезеңнің кейпі. Шерменде өмірдің шерлі шежіресі. Сырттан торыған жау өз алдына, іштегі лаңның түрі осы. Бұл бір ел басына беймезгіл түскен нәубет. Осыған мойынұсына жүрген халықтың бойында құдіретті сес бар. Әруағын таптатпас айдын бар. Сол заманның өзінде қыршынын жыр ете білді, арманын ту ете білді. Олардың үзілмеген үміті – бүгінгі ұрпақтың жеткен биігі.

KMS 9566

«ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ ТҰЗАҚШЫ КӨП»

* * *

Өзіміз өмір сүріп отырған қоғамды алып құсқа теңесек, оның бір қанаты ғылым болса, бір қанаты мәдениет пен әдебиет.

* * *

Ақын, жазушы дегеніміз – ұлттық рухани паспорты.

* * *

Рухани тозған мемлекет – мешел баламен бірдей.

* * *

Абайы бар қазақ адаса қоймас.

* * *

Теңiз тартылады, мекен өзгередi, қалалар қирайды, қорғандар құлайды, бiр құламайтын мәңгi қорған – халықтың тiлi.

* * *

Қай ұлт болмасын оның ұлттық келбетiн (менталитет) танытар үш қазық – тiлi, дәстүрі, дiнi. Бүкiл ұлттың рухани қазынасы осы үш бұтты ошақтың қазанында қайнайды…

* * *

Сауатты сөйлеу мен сауатты ойлаудың айырмасы аспан мен жердей.

* * *

Өнерде елiктеудiң баянды болмайтынын бәрiмiз де бiлемiз. Нағыз өнер адамына өзiн қайталаудың өзi қиын.

* * *

Кейде шабыттан гөрi, табыт көп елестейдi.

* * *

Арам ойыңды жасырам десең, бетiңе арсыз күлкi ойнат.

* * *

Түнде перде жамылсаң, күндiз қай тесiкке кiресiң.

* * *

Әлбатта, уақыт атаулының өлшемі әрқилы. Ғасыр жүгін арқалайтын жыл бар, жылдың жүгін арқалайтын күн бар.

* * *

Қашанда ұлы істер тарихи қиын кезеңдерде байызын тапқан.

* * *

Халық тағдыры – адам парызы, қоғамның даму қозғалысы – уақыт үкімі.

* * *

Мекен-тұрағынан ауғанда да халықтың арқалап кетер жалғыз байлығы, қазынасы – тiлi. Тiлiнен айырылған халық адамзат тарихының кемесiнен, назарынан тыс қалады.

* * *

Патриотизм атты киелi ұғымның қай заманда да генераторы – идеология. Тиянақты идеологиясы жоқ мемлекет құбылнамасы жоқ кемемен бірдей.

* * *

Идеология демекшi, мұның бiр өзектi саласы – дiн. Бiр кездерi немiстiң атақты философы Иммануил Кант: «Мораль и нравственность формирует религию» деген екен.

* * *

Дiн мен философия қатар келе жатқан сала. Философияның иесi – жеке адамдар болса, дiннiң иесi – қалың бұқара.

* * *

Аяқтының бәрi адам емес, оқымағанның бәрi надан емес.

* * *

Әр кiтап оқыған сайын, надандығымның бiр бетiн ашам.

* * *

Мен бiлетiн шексiз екi дүние бар: бiреуi – аспан, екiншiсi – ақымақтық. Басқасының бәрi өлшеулi.

* * *

Ұлылықтың нышанын ұлы адамдар ғана дәл тануы мүмкiн.

* * *

Сана сәулесiн нұрландыра парасат-парқын тану – бiлiм мен талантты тоғыстырады. Қиялға қанат, талапқа топшы бiтiредi. Ұшқынның жалынмен шарпысы дарынның дауылын үйiредi.

* * *

Күлкiсiнiң көркiн келемеж қылжақтан, әзiлдiң ажарын әдепсiз әжуадан iздеу – талғам таразысының жеңiлдiгiне саяды.

* * *

Бірлесіп істеген жұмыста береке болмақ, байбаламнан бірлік күшті.

* * *

Тіл тағдыры мен дін тағдыры – болашақ мемлекеттің өсер-өнер берік қазығы.

* * *

Қоспасыз таза өнердің қауым мен қоғамға айтары көп.

* * *

Әрбір ақын-жазушының, өнер қайраткерінің рухани мәдениетіміздегі орнын айқындайтын негізгі мәселе – оның ұлттық мәдениетке қосқан үлесімен өлшенеді.

* * *

Сезімге берілмеу керек. Біздің заманымыз – сезімнің заманы емес. Ақылдың айлаға, ерліктің зорлыққа құл болған заманы.

* * *

Бір күнгі тойғаның ертең он күнгі ойраныңа айналып кетуі ғажап емес. Тәуелсіздікке тұзақшы көп.

* * *

Халық, Отан деген ең алдымен ақын адамға керек. Халықсыз ақын – қанатсыз қыран.

* * *

Қайғысыз күн болды ма? Арман – анамызға, қайғы-қасірет – қалыңдығымызға айналғалы қашан.

* * *

Адам сезімі суалып, қиялы қуара бастағанда тек жаттағанына жармаса береді.

* * *

Кейде бүгінгі өмірдің сыр-сипатын ұғу үшін адам баласы алысқа, өзінің өткен шалғайына зер салады.

 

Дайындаған Ахмет ӨМІРЗАҚ

 

Редакция таңдауы

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған мәскеулік екі қыз­дың видеосы көпшілікті таң­ғалдырған болатын. Осыдан кейін «қазақша акценті бар...

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы өмір­дерегіне тоқ­талсақ. Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген Мұсекең жас­тайынан алғыр, зерек...

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер мен естеліктер ар­қы­лы қызықты суреттеледі. Кітап шы­найы­лығымен да тартымды», – деп анық-қа­нық...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар…

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­дағы 1976 жылы салынған 4 қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Жауын-шашын күндері төбесінен су сорғалап, үйдің электр жүйесі істен...
Miras қоғамдық кеңесі

Miras қоғамдық кеңесі бас қосты

«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратында Miras республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті....
black and red kyobi arts cool presentation 5 1

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған...
whatsapp image 2021 04 20 at 13.30.39

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы...

Жаңалықтар

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қазгидромет мамандарының болжамына сүйенсек алдағы бірнеше күн еліміздің 8 бірдей өңірінде ауа райы күрт өзгереді. 23-25 сәуірде...

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы қандай?

Денсаулық сақтау министрлігі Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда шығарылған «Спутник V» вакцинасының сапасына күмәндануға еш...

Үржар әуежайы жабылады: Алакөлге қатынайтын пойыз және автобус саны арта ма?

Шығыс Қазақстан облысында Алакөлге баратын туристер үшін теміржол және автобус рейстерінің саны арттырады. 1 мамырдан бастап Үржар әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмысын жүргізу мақсатында жабылады....

Miras қоғамдық кеңесі бас қосты

«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратында Miras республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуда қазіргі отандық кинематография саласындағы өзекті мәселелері талқыланды. Кеңес барысында «Nur Otan»...

Атышулы Q-рор тобының мүшелері есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

Алматыда танымал Q-рор тобының мүшелері есірткі заттарын жасап, сатты деген күдікпен ұсталды. Полицейлер 21-30 жас аралығындағы 10 адамды ұстаған. Топты басқарған – 1994 жылы туған...

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленовтың мәліметінше, стипендиялар үш...

Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады. Жайсыз хабар туралы өнер иесінің...

Nur Otan: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия жұмысы тиімсіз

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай қаражат бөлінгеніне қарамастан, жекелеген елдімекендерде адамдар әлі күнге дейін суды тасып ішуге мәжбүр. «Nur Otan» партиясындағы...

Жаңадан құрылған Сауран ауданының әкімі тағайындалды

Ғани Рысбеков жаңадан құрылған Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі болып тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сауран ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. «Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы...

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған мәскеулік екі қыз­дың видеосы көпшілікті таң­ғалдырған болатын. Осыдан кейін «қазақша акценті бар...

Президенттің Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Құрметті кеңеске қатысушылар! Биыл – Егемен ел болғанымызға 30...

«Ахыс­ка» – ағайынға алтын көпір

Қазақстан және онда тұратын барлық этностың тыныс-тіршілігі әлемдік қауымдастықтың көз алдында. Қай елде болмасын, өмір сүріп жатқан әрбір этнос өкілдерінің рухани және мәдени өмірінде...

Ынтымақты елдің баласы бақытты

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатырмыз. Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың береке-бірлігі, татулығының арқасында шаңырағымыз шай­қалмай, отыз жыл бойы елімізде ұшан-теңіз игі істер...

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы өмір­дерегіне тоқ­талсақ. Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген Мұсекең жас­тайынан алғыр, зерек...

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер мен естеліктер ар­қы­лы қызықты суреттеледі. Кітап шы­найы­лығымен да тартымды», – деп анық-қа­нық...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар…

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­дағы 1976 жылы салынған 4 қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Жауын-шашын күндері төбесінен су сорғалап, үйдің электр жүйесі істен...

«Бұл айда төрт түрлі қасиетті көбейтіңдер…»

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетін қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға шақырып, бере­келі айда жасалған әрбір ізгі амалдың сауабы...

Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды – Қ.Тоқаев

Алдағы үш жылда Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды. Бұл туралы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Қазіргі...

Дерт пе, әлде не?

Адамзат тарихында жыныс ауыстыру операциясы алғаш рет 1926 жылы Берлин қаласындағы Жыныстық зерттеулер институтында жасалды. ХХ ға­сыр­дың басында өзінің жынысына көңілі толмайтындарға шизофрения диагнозы...

Тағдырым, саған не істейін?

Ерте көктемде тулап ағатын келте өзендер болады. Қара жер­дің бетіне тебіндеп көк шыға бастағанда, тебіреніп тасыған өзен­нің асау толқындары жеткен жері­нің бәрін де суға...

Телеарна рейтингі талғам таразысы ма?

Коронавирус пандемиясына байланысты жария­лан­ған карантин шектеулері телеаудитория ау­қымын ұлғайтты. Бұл құбылыс әлем елдерімен қатар Қа­зақстанда да байқалып отыр. Карантин шектеулері жұртшылықты үйде отыруға, ірі...

Нұрымбет САҚТАҒАНОВ: Абай Семей мен Жидебай арасында жүріп-ақ «Абай» болған

Семей – еліміздегі тарихи маңызы ерекше қаланың бірі. Өткен ғасырдың басында Алаш көсемдері осы шаһарда бас қосып, келелі кеңестер өткізгендіктен сол кезде зиялылар шо­ғырының...

Алматыда көлік кеңесі құрылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Сарапшылар қауымдастығы және белсенді қалалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту, бірыңғай...

Ине ұшындағы иммунитет

Былтыр қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия әлем халқының шамамен 70 пайызы вирусқа қарсы вакцина алған кезде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Елімізде вирусқа...

Түркістанның құрылғанына 3000 жыл толды

Түркістанның құрылғанына 3000 жыл толды дегеніміз – мақтаныш үшін айтыла салған сөз емес, тарихи шындық! Осы жылдың 20-22 наурызында Түркістан қаласында өткен ме­диа фо­рум­да тарих...

Президент еліміздің батыс өңірін сенімді электр желісімен қамтуды тапсырды

Еліміздің батыс өңірі сенімді электр желісімен қамтылуы тиіс. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бесінші –...

Мемлекет басшысы көлік қозғалысын басқару мәселесіне тоқталды

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өңірлерінде көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтары құру туралы тапсырма берді. «Қалалар ішіндегі автомобиль ағындарын...

 Мархабат Байғұт: қоғамдық кеңестер мол жауапкершілік жүктейді

 «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының кестесіне сәйкес, партияның Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Жиында партияның алдағы жоспарын межелеп, аумақтық филиалдарындағы сайланбалы...

Қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясын жөнелтуге қатысты. «Қазақстандық вакцинаның жасалуы біздің еліміздің...

Pfizer компаниясы өз вакцинасының жалған нұсқалары қолданылғанын анықтады

Pfizer компаниясы өз өнімінің жалған нұсқалары Мексика мен Польшада қолданылғанын анықтады, деп хабарлайды The Wall Street Journal. Екі елдің билігі дәрі-дәрмектің қаптамаларын тәркілеген, ал компания...

Жанжалға байланысты орнынан кеткен Өскеменнің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Үш жыл бұрын болған шулы оқиғаға байланысты лауазымынан айырылған Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінде жаңа лауазымға ие болды, деп...

«Роза Рымбаева да ауырып тұрыпты». Әнші Майра Мұхамедқызы вакцинаның әсерін ауыр өткергені туралы айтты

Опера әншісі, Шымкент қалалық Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы вакцина ектіргеннен кейінгі хал-ахуалы жайлы Instagram-дағы парақшасында жазды.  Әншінің айтуынша, 3 күнге дейін...

Бас прокуратура өлім жазасына қатысты заң жобасын әзірледі

Бас прокуратура елімізде өлім жазасын алып тастауды қарастыратын заң жобасын әзірледі. Бұл туралы Бас Прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов мәлімдеді. "Бас прокуратура өлім жазасы бойынша...

Аудандық мәдениет үйінің құрылысы партияның бақылауында болады

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өткен жылдың желтоқсан айында Көкшетауға келген ресми сапары барысында өткізген қоғамдық қабылдауында Аршалы ауданында мәдениет үйін...

Ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Жәркен Бөдешұлы 76 жасында өмірден өтті. Ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растады, деп хабарлайды malim.kz. Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай...

Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адам қаза тапты

Алматы-Нұр-Сұлтан тас жолында үш көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz. Алматы облысының полиция департаменті 2021 жылғы 21 сәуір күні сағат 18:20-да Алматы-Нұр-Cұлтан тас...

Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды

Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Алғаш рет сотталғандардың жақсы тәртібін, өзін-өзі жақсы ұстауын ынталандыру, сондай-ақ "кері байланыс" қағидаты бойынша...

Пәкістандағы терракт: Содырлар қытай елшісін жарып жібермек болған

Пәкістанның Кветта қаласындағы Серена қонақ үйінде терракт болды. Конақ үйдің көлік тұрағында бомба жарылып, кем дегенде төрт адам қаза тапты, 11 адам жарақат алды,-деп...

Өткен тәулікте 2 893 адам індет жұқтырған

Елімізде өткен тәулікте 2893 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды. Бұл туралы coronavirus2020 сайтында ресми хабарланды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 574, Алматы қаласы - 695, Шымкент қаласы...

Марста алғаш рет оттегі алынды

Марс атмосферасынан алғаш рет оттегі алынды. Бұл Қызыл планетаға жіберілген Moxie қондырғысы арқылы орындалды, - деп хабарлайды 24.kz Life.ru-ға сілтеме жасай отырып. “Бұл технологияны таныстыру,...

Тәуелсіздік шежіресі: 22 сәуір күні қандай елеулі оқиғалар болды?

1994 жылы Украинаның Қазақстандағы Елшілігі ашылды. 1997 жылы әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Талдықорған және Торғай облыстары таратылды. 2008 жылы Мемлекет басшысы ҰҚШҰ...

30-жылдардағы ашаршылық зерттеледі

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғылыми-сараптамалық тобы ұйымдастырған экспедиция барысында зерттеушілер тарихи маңызға ие орындарды аралап қайтты деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Экспедиция мақсаты – 1930-жылдары болған ашаршылық...

Алматыда тауға шығуға тыйым салынады

Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметтерге қарағанда,...

Елімізде алдағы үш күнде күн жылынады

«Алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталады, сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Сонымен қатар, биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан...

Үндістанда жаңа мутация пайда болды

Коронавирустың жаңа мутациясы Үндістанның Батыс Бенгалия штатында анықталды деп мәлімдеді Геномика және интеграциялық биология институтының қызметкері Винод Скария. Батыс Бенгалияда коронавируспен ауырғандар саны артқан: соңғы...

Елбасы Ахметжан Есімовті жаңа қызметке тағайындады

Елбасының шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Elbasy.kz сайтында хабарланды. Айта кетейік, Ахметжан Смағұлұлы...

Вакцина ектірмегендер жауапкершілікке тартыла ма? – Министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі түрде вакцина алу және одан бас тартқандарға айыппұл салынатыны, жауапкершілікке тартылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы inform.kz хабарлады. "Бізде мәжбүрлі...

Мәжіліс депутаты жол салуға көбірек ақша жұмсауды ұсынды

Жол салған кезде сапаға баса назар аудару қажет. Депутат Шәміл Осин 21 сәуірде Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында вице-премьер Роман Склярға ұсыныс тастады, - деп...

Жазушы Дулат Исабеков: Кеңес өкіметінің қайта орнағанын аңсай бастадым

Бұл туралы пікір жазушы Stan.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Журналистің «90-ншы жылдардан бергі өзгерістерге көңіліңіз тола ма? Теледидардан көрсетіп жатқан жетістіктер ауыз толтырарлықтай ма?» деген сұрағына: «Шынымды айтсам,...

Марат Әзілханов екі бірдей лауазымды қызметке тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын тағайындады. Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әзілханов Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы...

АҚШ санкциялары Қазақстанға әсер ете ме?

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға тигізер әсері жайлы айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz жеткізді. – Бұл санкциялар Ресейдің әрекетін өзгерту үшін қабылданғанын...

Түркістанда банк қызметкері тұрғындар атынан несие алған

Түркістан облысында полицейлер тұрғынның атынан артығымен несие рәсімдеп, ақша жымқырып, алаяқтық жасаған банк қызметкерін анықтады. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеп отыр. Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған....

Студенттер Жапония билігіне шағымданды

Оңтүстік Кореяда студенттер Жапония билігіне қарсы шеруге шықты. Себебі жуырда жапон билігі «Фукусима-1» атом электр станциясының суын мұхитқа төгу туралы шешім шығарған болатын. Наразылық акциясы...

АҚШ елшісі: Қазақстан біздің вакциналарды сатып алса деймін

Енді АҚШ-тың коронавирусқа қарсы вакциналары елімізге жеткізіледі. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер 21 сәуірде өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды regnum. Елші АҚШ-тың...

Қызылордада халыққа жалған ақпарат берілгендіктен 500 адам мемлекеттік орган ғимаратына жиналды (видео)

Қызылорда қалалық Жұмыспен қамту орталығында тұрғындардың жаппай жиналуы бойынша әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға байланысты тиісті сала басшылары түсініктеме берді. Жұмыспен қамту орталығында адамдардың көптеп жиналуына...

Шымкентте дәрігерлер өкпесі 80 пайыз істен шыққан науқасты аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан 52 жастағы азаматты аман алып қалды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Исагил Тасимті 4 сәуір күні өте ауыр...

Экс-министр Елжан Біртанов: Эпидемиямен қалай күресу керегін білемін

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов сотта өзін босатуды сұрады, деп жазды informburo.kz порталы. "Аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды" деп айыпталған бұрынғы Денсаулық сақтау минстрі...

Каспий жағалауында 20 түйенің өлексесі табылды

Ақтауда Каспий теңізі жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Каспий теңізінің жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер...

Израильде маскасыз жүруге рұқсат берілді

Израиль билігі 18 сәуірден бастап далада медициналық маска киюді міндеттеуді тоқтатты, деп жазады The Times of Israel. Жарлыққа елдің денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Хези Леви...

Нәсілдер қақтығысы: АҚШ-та митинг басталды

Огайо штатындағы Колумбус қаласында полицей 16 жастағы Макайя Брайант есімді  қара нәсілді қызды атып өлтірді. Осыған байланысты наразылық білдірушілер полиция ғимаратына жинала бастады. Бұл туралы...

Ақпанда жоғалған Атырау облысы тұрғынының денесі контейнерден табылды

Атырау облысында ақпан айының басында хабар-ошарсыз кеткен 29 жастағы Наурыз Әйтекешов өлі күйде табылды, деп хабарлайды azh.kz. Ол қала маңындағы Талғайран ауылының тұрғыны болған. Атырау...

Ағылшын футбол клубтары Суперлигадан шығатынын мәлімдеді

"Манчестер Юнайтед", "Ливерпуль", "Арсенал" және "Тоттенхэм Хотспур" ағылшын футбол клубтары еуропалық Суперлига жобасынан шығатыны туралы ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы футбол клубтарының ресми парақшасында...

400 жаңа мектеп салынады: Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Келесі жылдың соңына дейін 400 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысында...

Айсұлтан Сейітов алғаш рет толықметражды фильм түсірді

Әлемге танымал жұлдыздар - реперлер мен орындаушылардың бейнебаянын  түсіріп жүрген қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітов «ҚАШ» атты толықметражды фильмінің түсірілімін аяқтады, - деп хабарлайды...

АҚШ-Қазақстан арасында визасыз режим орнатыла ма?

Америка Құрама Штаттары Қазақстанға визасыз режим беруге әлі дайын емес. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Менің ойымша, біздің ел...

Қоғамдық кеңестер сайлауалды уәделерді қадағалайды

Жақында «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында алдағы бес жылда қаламыздың болашағы жарқын, экономикалық және саяси жаңғыру, қоғамды елдік мақсатқа ұйыстыру, мықты және келбетті...

9 мамырда мерекелік отшашу ұйымдастырылады

Ташкентте 9 мамыр күні сағат 21: 00-де Еске алу және құрмет тұту күніне арналған мерекелік отшашу болады. Бұл туралы президенттің Жарлығына сілтеме жасап УзА...

Енді нысандар құрылысының сапасын «Халықтық бақылау» қадағалайды

Алматы тұрғындары енді мегаполистегі нысандар құрылысының барысын өздері бақылай алады. Құрылыс процесіне жедел қоғамдық мониторинг жүргізу үшін және қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда «Халық бақылаушылары» дереу партиялық бақылау комиссиясына хабарлайды. Жоба «Nur Otan»...

Голливуд жұлдыздары Байденге өтініш жасады

Голливудтың ондаған жұлдызы және басқа да әлемге әйгілі адамдар АҚШ президенті Джо Байденге ашық хат жазып, Бразилия көшбасшысы Жаир Болсонарумен экологиялық келісімдерге қол қоюды...

СҚО-дағы су қоймаларында су деңгейі көтерілді

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің суы молайып, Долматово елдімекенінің маңында бір тәулікте 113 см дейін көтерілді. «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Сергеев су қоймасында су...

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды...

Депутат техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін көтерді. Осы орайда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдады. «Мемлекет әлеуметтік салаға жіті...

Жамбыл облысында басқарма басшысы тергеуге алынды

Пандемиядан пайда көрді деген күдікпен Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеліп жатыр. Әсет Қалиевке қатысты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қылмыстық іс қозғаған. Бұл...

Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалықтың баласы құтқарылды

Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының мәліметінше, кішкентай итбалық орталықта екі аптадай болған. Орталыққа түскен кезде әлсіз, салмағы 4,4 келі ғана болса,...

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық қорғау саласының ахуалы, прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықта атқарған...

«Талап етеміз!». Атырау облысында тағы да жер дауы туды

Атырау облысында тағы бір жер дауы туды, Тасқала ауылының 100-ден аса тұрғыны "ЭлитСтрой" ЖШС жеке компаниясының карьер жұмыстарын жүргізуіне қарсы болып, митингіге шықты, -...

Алматыда 380 орындық инфекциялық орталықтың құрылысы басталды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында жаңа медициналық орталықтың құрылысында болды, сондай-ақ велосипед мектебі мен «Ақбұлақ» ықшамауданындағы жаяу жүргіншілер аймағының жобаларымен танысты. Алматы әкімі...

Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 766 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай жатқан тұлғаларды анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 765,98 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланбай жатқандығы белгілі...

Мектепке қабылдау жүріп жатыр: Министрлік өтініштерді электронды форматта қалай тіркеу керектігін ескертті

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, алты жасар және биыл 6 жасқа толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. 20 күннің ішінде...

Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалған

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында жариялады. «Достар, біздің ел ерекше жануарларға бай. Солардың бірі...

Марафоншы Заңғар Әлкенов Рекордтар кітабына енді

Марафоншы, ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Заңғар Әлкенов Қазақстанның Рекордтар кітабына енді. З.Әлкенов 2020 жылдың қыркүйек айында 1,5 тәулік бойы тоқтамастан жүгіріп, 200 шақырымды құрайтын...

Петропавлда эвакуатормен вагон ұрлаған студенттер ұсталды

Петропавлда ұрылар тұрмыстық вагонды эвакуаторға салып әкетіп, бөлшектеп сатып жіберген. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 17 сәуір күні кешке Петропавл тұрғыны полицияға арызданып,...

21 сәуір: тарихтан орын алған маңызды оқиғалар

1925 жылы 21 сәуірде «Қазақ әйелі» және «Теңдік» газеттері негізінде «Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси журналы шыға бастады. Бастапқыда «Әйел теңдігі», «Сталин жолы» деп аталды. 1955...

Боао азиялық форумы: Елбасы бейнеүндеу жасады

Боао азиялық форумының пленарлық сессиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеүндеуі көрсетілді. ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы конференцияның негізгі тақырыбы –...

Жол ақысын төлегісі келмеген жолаушы такси жүргізушінің тамағын пышақпен осып жіберген (видео)

Барнаулда жол ақысын төлегісі келмеген жолаушы такси жүргізушінің тамағын пышақпен осып жіберген, деп хабарлайды Life.ru. Барнаул қаласында такси жүргізуші болып жұмыс істейтін 39 жастағы Михаил...

Асабалықпен айналысқан легионер ойыншы қазақстандық жанкүйерлерді таңғалдырды

Футболдан Қазақстан чемпионатының алтыншы турында «Тұран» командасының шабуылшысы Стенли Нкоби «Каспий» клубына қарсы ойында екі гол соғып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Қазақстанға Нигериядан келген Стенли...

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысына министрліктің ақпараттық саясат пен азаматтық қоғамды дамыту...

Карантин: ШҚО аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылды

Шығыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, өңір бойынша карантин 3 мамырға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19...

Бауыржан Байбек жылу электр орталықтарының экологияға әсері туралы айтты

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Тәңірберген Бердіоңғаровқа сұхбат берді. Бұл сұхбатта партия жұмысының жай-жапсары, сонымен қатар Болашақ степендиясы, жер мәселелерімен қатар...

Әуе компаниясы жолаушыларға 20 тілде шығатын 1000-нан астам электронды газет-журнал ұсынады

Air Astana әуе компаниясы MyPress электронды басылым қызметін іске қосты. Жаңа қызмет әлемнің 20 тілінде шығатын 1000-нан астам БАҚ-ты назарға ұсынады. Air Astana-ның Жобалар...

Балалар МӘМС аясында қандай медициналық көмек ала алады? – ТОП-10 сұраққа жауап

- Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлеу қажет пе? - 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық...

Ажалы алтыншы рет президенттікке сайланған күні келді

Чад Республикасының президенті Идрис Деби Итно 68 жасында өмірден озды. Бұл туралы Agence France-Presse хабарлады. Президенттікке алтыншы рет қайта сайланған Итноның қазасына 1970-2000 жылдар аралығындағы...

Сайлауалды бағдарламамыз өңірді кешенді дамытуға бағытталған – Марат Сырлыбаев

Жуырда өткен «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси Кеңес Бюросының  кезекті отырысында Сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылауға алатын 12 қоғамдық кеңестің құрамы мен төрағалары...

Сайрамдық кәсіпкер тойханасын спорт мектебіне айналдырды

Түркістан облысында карантин кезінде бұрын тойхана бизнесімен айналасатын кәсіпкерлер арасында істерін жаңа бағытқа бұрғандар артты.  Сайрам ауданындағы жергілікті кәсіпкері Өмірхан Оразымбетов үшін де бизнестегі...

СҚО-да 246 бастауыш партия ұйымында есеп беру жиналысы басталды

Бір апта ішінде нұротандықтар партия ұйымдарының 2019-2020 жылдары атқарған жұмысы туралы мәселелерді талқылайды, БПҰ төрағалары мен төрағаларының орынбасарларын, сондай-ақ партияның аумақтық филиалдарының конференциясына делегаттарды...

Биыл докторантурада оқуға қатысты қандай өзгерістер енгізілгені белгілі болды

Докторантураға түсу емтихандары биыл алғаш рет электрондық форматта өтеді. Үміткерлер докторантурада оқуға дайындығын тексеру үшін тест, білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан тапсырып, компьютерде...

1 шілдеден бастап халықты құжаттандыруда қандай өзгерістер болатыны белгілі болды

Келесі аптадан бастап ел азаматтары электронды төлқұжаттарын нотариаттық құжаттарын тіркеуде пайдалана алады. Сондай-ақ, нотариальды құжаттар электронды форматқа ауыстырылады, бұл азаматтарға есік қағып жүрмеуге, пошталық...

Шыңғыс Айтматовтың жұбайы дүние салды

Шыңғыс Айтматовтың зайыбы – Мария Айтматова өмірден озды, – деп хабарлайды Кабар агенттігі. «Ұлы жазушы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың зайыбы Мария Урматқызы Айтматованың өмірден озуын...

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Ауыл шаруашылығы министрлігі малшылар күнін бекіту арқылы сала жұмыскерлерінің беделін арттыруды, оларды көтермелеуді көздеп отыр Sputnik.кz сайтының жазуынша, Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін. Ауыл...

Жамаубаев биыл коронавируспен күреске бюджеттен 265 миллиард теңге бөлінетінін айтты

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы республикалық бюджет шығындары туралы баяндамасында Қазақстанда коронавируспен күрес шараларына 265 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отырғанын айтты. Қаржы министрінің айтуынша,...