Бразилияның солтүстігінде 600 үй жанып кетті

19 желтоқсан, 2018 / Назым Тойлыбаева
ашық дереккөзі
Бразилияның солтүстігінде 600 үй жанып кетті Бразилияның солтүстігіндегі Манаус қаласында (Амазонас штаты) қатты өрттен кем дегенде 600 үй қираған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап. 2500-ге жуық тұрғын баспанасыз қалды. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Азаматтық қорғаныс қызметі өкілдерінің дерегі бойынша, бұл өрт ауқымы бойынша өңір тарихында екінші болып тұр. Манаус қаласы - Амазонас штатының әкімшілік орталығы. Ол Амазонка өзенінің жағалауында орналасқан. Халық саны - 1,8 млн. Манаусқа туристер көп келеді, себебі Амазонкаға экскурсия жасау осындағы порттан басталады.