Алматыдан Түркістанға жаңа пойыз қатынайды
Алматыдан Түркістанға жаңа пойыз қатынайды
Жаңа жылдан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған пойыз Алматы мен Түркістан арасында қатынай басайды. Бұл жайында «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Түркістн облысының көліктік қолжетімділігін арттыру және Қазақстандағы ең танымал туристік орындардың бірі бағытында жолаушылар тасымалын жетілдіру мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ 3 қаңтардан бастап Алматы мен Түркістан қалалары арасында жаңа бағдарды іске қосады», - делінген компания ақпаратында.
71/72 нөмірі «Алматы 2-Түркістан» пойызы 23 вагоннан жасақталған, оның 19-ы «Турист» санатында және 1 вагон бар, 1 вагон мейрамхана және 2 техникалық вагон бар.
Алматыдан шыққан пойыз Түркістан қаласында 13 сағат 23 минутта жетеді. Кері бағыттағы жолға кететін уақыт 13 сағат 06 минут. Жолда пойыз Шу, Тараз, Шымкент және Арыс-2 стансаларына тоқтайды.
Пойыз кестесі жолаушыларға ыңғайлы жасалған. Алматыдан пойыз жұп күндері сағат 21-59-да шығып, Түркістанға тақ күндері сағат 11-05-те жетеді. Ал кері бағытта пойыз Түркістаннан тақ күндері сағат 16-51-де жөнелтіліп, Алматыға жұп күндері сағат 06-23-те келеді.