Жаңа жылда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Жаңа жылда қазақстандықтар төрт күн демалады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жылдың соңғы дүйсенбісі, 31 желтоқсан да демалыс күні болады. 2018 жылдың соңғы жұмыс күні – сенбі, 29 желтоқсан. Жаңа жылдық демалыс күндері төрт күнге – 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға (қоса алғанда) дейін жалғасады.