Джермалл Чарло Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

22 желтоқсанда WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпион, Америка боксшысы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) ресейлік Матвей Коробовпен (28-1, 14 КО) кездеседі, деп хабарлайды «SPORTINFORM».

Еске сала кетейік, Чарло Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы кіші Вилли Монромен жұдырықтасуы тиіс еді. Бірақ соңғысы допинг тесттен өте алмады. Жекпе-жектің өтуіне бір апта қалғанда, оның орнына бұл сәтті өмір бойы күткенін айтқан Матвей Коробов келді.

«Альварес қорқады. Қайдасың? Сені жекпе-жекке қашаннан бері шақырып келеміз, көрінетін уақыт болды ғой. Жұрт ағайынды Чарлолардың әлемдегі үздіктермен қалай жұдырықтасатынын көргісі келеді. Біз өзімізді сондай санаймыз. Камон, мэн. Де Ла Хойяның артында жасырынба», – деді Альвареске арнаған сөзінде американдық боксшы.

Чарлоның айтуынша, «Головкин қартая бастаған» кезде, ал дивизионның жаңа көшбасшысы Канело болғанда, ол әуелі мексикалық боксшының сазайын тартқызуға, ал кейін тура солай Геннадиймен де жасауға дайын.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button