Әлихан Бөкейхан қамалған әйгілі Бутырка түрмесі жабылады

Әлихан Бөкейхан қамалған әйгілі Бутырка түрмесі жабылады

Әлихан Бөкейхан қамалған әйгілі Бутырка түрмесі жабылады
ашық дереккөзі
Түрменің жабылатыны туралы Ресей Жаза атқару бойынша федералдық қызметі төрағасының орынбасары Валерий Максименко мәлімдеді, деп хабарлайды  Baq.kz. Оның айтуына қарағанда, қала басшылығынан Бутырканың орнына Мәскеудің жанынан 2000 орындық жаңа түрме салып беруді сұраған. Жаңадан салынатын абақты еуропалық стандартқа сай, бір адамға 7 шаршы метрден есептеледі. Бутырка - Мәскеудің ең ірі және ең көне түрмелерінің бірі. Ол 1771 жылы құрылып, содан бері бірнеше рет күрделі жөндеуден өткен. Кезінде бұл түрмеде көптеген қазақ зиялылары отырған. Басқасын айтпағанда Алашорданың негізін қалаған Әлихан Бөкейхан Бутырка түрмесінде азап шеккен.