Жаңалықтар

«Өнер» бағыты оқу-әдістемелік бірлестігінің келелі кеңесі

ашық дереккөзі

«Өнер» бағыты оқу-әдістемелік бірлестігінің келелі кеңесі

Жуырда Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Қазақстандағы «Өнер» бағыты бойынша ЖОО өкілдерінің  қатысуымен Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңесі өтті.   Оқу-әдістемелік бірлестігі көшпелі жиын  барысында кеңес мүшелері өнер мамандықтарын ұлттық өнермен тығыз байланыстыратын инновациялық білім берудің жаңа әдістемелерін, оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, заманауи білім беру технологияларын талқыға салды. Сондай-ақ, ОӘБ құрамына "Өнер" бағыты бойынша жұмыс берушілерінің, үкіметаралық ұйымдардың, шығармашылық одақтардың өкілдері арнайы шақырылған болатын. Осы бағытта Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев «Білім беру жүйесінің модернизация жағдайындағы шығармашылық ЖОО» тақырыбында баяндамасын таныстырды. Оның айтуынша,  Қазақстандағы білім беру жүйесінде болып жатқан маңызды өзгерістерге куә болып отырмыз. Мемлекеттiк деңгейде жүргiзiлетiн реформалар дайындықтың барлық деңгейлерi мен бағыттарын қамтиды, сондықтан бұл үрдіске шығармашылық бiлiм беру жүйесiнің белсендi түрде қатысуы заңдылық. Өйткені, мұнда ұлттық  жоғары  оқу орындары ерекше роль атқарады. Олардың  жаңғыру үдерістерінің орталығында екендігін атап айту қажет. Себебі, шығармашылық мамандықтар білім беру саласындағы мемлекеттік басымдықтардың негізгі тасымалдаушылары және оның сапасының кепілі болып табылады.