«Желтоқсанның 16 күні» деректі фильмі жарыққа шығады
«Желтоқсанның 16 күні» деректі фильмі жарыққа шығады
Архив құжаттары мен нақты деректерге негізделген фильм еліміздің тарихи кезеңі - Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздікке қол жеткізуіне арқау болған, 1991 жылдың желтоқсанында орын алған саяси оқиғалар туралы баяндайды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің эксклюзивті сұхбатында КСРО мен басқа да кеңестік республика басшылары арасындағы қарым-қатынас, сол кезеңдегі негізгі оқиғалар мен Қазақстанның алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың күрделі міндеттері туралы естеліктерімен бөлісті. «Желтоқсанның 16 күні» арнайы жобасының жетекшісі - Дәурен Абаев, фильм авторы - Ерлан Қарин, режиссері - Дмитрий Богомолов. Айта кетейік, деректі фильмнің тұсауы 18 желтоқсан күні 21:30-да «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында кесіледі.