Әйелдерге хиджаб киюге тыйым салмақ

Әйелдерге хиджаб киюге тыйым салмақ

Әйелдерге хиджаб киюге тыйым салмақ
ашық дереккөзі
Тәжік билігі мемлекеттік және жекеменшік мекемелерге хиджаппен кіруге заңды түрде тыйым салуды қолға алды, деп хабарлайды centralasian.org. Тәжікстан билігі бұл жолы әйелдерге хиджаб киюге заңды түрде шектеу қоймақшы. Осыған дейін тек халық арасында хиджаб, сатр, бурка және басқа да қара түсті киім кию салт-дәстүрге жат екені айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келген. Елдегі құқық қорғаушылар мұндай шектеулер тәжік әйелдерінің құқығын бұзады деп есептейді. Тәжікстан үкіметі жанындағы әйелдер және отбасы ісі жөніндегі комитет әйелдерге мемлекеттік мекемелерге хиджаб киюге тыйым салынсын деп бас прокуратураға сұрау салған екен. Ал қадағалаушы орган бұл өтінішті президент әкімшілігіне жолдаған. Енді осының негізінде заң жобасын әзірлеу жөнінде мекемеаралық комиссия құрылған.