Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды
ашық дереккөзі
Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар Республика алаңындағы тәуелсіздіктің басты символына гүл шоқтарын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімін әскери-үрлемелі оркестр музыкамен сүйемелдеді. Қала басшылығы, ардагерлер Кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, жастар ұйымдары, қала тұрғындары Республика алаңындағы тәуелсіздіктің басты символына гүл шоқтарын қойды. Шара барысында Алматы өңірлік гарнизонының әскерилері салтанатқа қатысушылар алдынан әскери саппен өтті.