Нұрсұлтан Назарбаев Президент болудың қиындығы туралы айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Президент болудың қиындығы туралы айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Президент болудың қиындығы туралы айтты
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болу қиын ба деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Архивтік сұхбаттың үзіндісі ҚР Президенті Телерадиокешенінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. «Нағыз көшбасшы болудың қиындығы- ол сенің бәрін алдын ала болжай білуің. Сен жетекте жүрген емес, жетектеуші адамсың. Сондықтан қайда жетелеп келе жатқаныңды білуің керек. Әрине, қасыңда идея беріп, жазып, талдап, ұсынып отыратын көп кеңесшілерің мен көмекшілерің болады. Бірақ өзің шешім қабылдауың керек. Олар жазып бергендері үшін жауап бермейді. Шешім қабылдап, сол шешім үшін жауап беретін - Президент. Президенттің жалғыз болуы деген осы. Онда өзің ғана отырып, жұмыс істейсің», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.