Қаракемер ауылында химия сабағында 11 оқушы уланып қалды

Қаракемер ауылында химия сабағында 11 оқушы уланып қалды

Қаракемер ауылында химия сабағында 11 оқушы уланып қалды
ашық дереккөзі
12 желтоқсан күні Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылындағы орта мектепте бір топ оқушы уланып қалды, деп хабарлайды Хабар 24. Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, Орымбетов атындағы орта мектепте 7-сыныпта оқитын 11 бала уланған. «Медицина қызметкерлерінің мәліметі және зардап шеккендерді алдын ала сұрастыру бойынша 2018 жылдың 12 желтоқсанында Қаракемер ауылының дәрігерлік амбулаториясына 7 «Б» сыныбының 11 оқушысы жүрек айну, құсу, бас ауруы, сондай-ақ құрысу түріндегі ішінің ауыруы, делириялық жағдай диагнозымен түскен. Сонымен қатар үшеуінде қол және беттерінде бөртпелер пайда болып, екеуінде тырысу белгілері анықталды», - деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті. Атап өтілгендей, барлық оқушыларға алғашқы көмек көрсетілген. Кейін медициналық қызметкердің ілесуімен санитарлық көлікпен аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Балалар денсаулық жайдайларының нашарлауын химия сабағында зертханалық жұмыстарды жүргізумен байланыстырған. Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті алдын ала тексеруді бастады. «Жоспардан тыс тексерудің аяқталу қорытындысы және қолданылған шаралар бойынша қосымша ақпарат берілетін болады», - делінген таратылған хабарламада.