Түркиядағы пойыз апатынан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ -Елшілік

Түркиядағы пойыз апатынан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ -Елшілік

Түркиядағы пойыз апатынан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ -Елшілік
ашық дереккөзі
Түркиядағы пойыз апатынан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елшілік ақпаратына сәйкес, 2018 жылдың 13 желтоқсаны күні сағат таңғы 06-30-дар шамасында Анкара-Конья бағытында қатынайтын жүрдек пойыз Анкара қаласындағы Маршандиз стансасында апатқа ұшыраған. «Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен алынған ақпаратқа сәйкес, апатта қаза болған 8 және жарақат алған 46 адамның арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі опат болғандардың отбасыларының қайғыларына ортақтасып, жаралылардың тез сауығып кетуін тілейді», - делінген хабарламада. Бұған дейін Анкара-Конья жолаушылар жүрдек пойызы Енимахалле ауданында Маршандиз стансасында жерасты жаяу өтпе жолына соқтығысқанын хабарлаған едік.