Жаңалықтар

Спортта бар еншіміз

ашық дереккөзі

Спортта бар еншіміз

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Ұлытау ауданында екі спорт нысанының құрылысы жоспарланып отыр. Ол жайлы Аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында аудан әкімі Әнуар Омар мәлімдеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде біздің аудан бойынша тоғыз жоба ұсынылды. Олардың төртеуі жүзеге асырылды. Тағы бесеуі келесі жылға жоспарланып отыр. Оның қатарында – 50 орынға шақталған демалыс аумағының құрылысы, қазақ күресі мектебі мен Қарсақбай ауылындағы стадион құрылысы да бар», – деді Әнуар Омар. Айта кетерлігі, бұл жобалардың барлығы демеушілер қаражатына салынады.