Құрылғыны қалай тіркеу керек

12 желтоқсан, 2018 / Назым Тойлыбаева
ашық дереккөзі
Құрылғыны қалай тіркеу керек 2017 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Қазақстан Республикасы «Байланыс туралы» Заңына ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өз кезегінде, Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығымен бекітілді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 маусымда № 17028 болып тіркелді). Абонент үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Ұялы байланыс операторының желісінде 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қызмет көрсетілетін ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары оқшауланған жүйеде автоматты түрде тіркеледі және ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорына жіберіледі. Қазақстан Республикасының аумағында роумингте тұрған, не машинааралық өзара іс-қимыл жасауға арналған ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жасалған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары тіркеуге жатады. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу (қайта тіркеу) үшін оның иеленушісі мынадай: 1) ЖСН (жеке тұлға үшін) немесе БСН (заңды тұлға үшін); 2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды; 3) ұялы байланыстың тіркелетін абоненттік құрылғысында пайдаланылатын абоненттік нөмірлер туралы мәліметтерді ұсынады. Тіркеу (қайта тіркеу)және тіркеуден алып тастау мерзімі Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ тіркеуден алып тастау рәсімі келесі мерзімдерде жүзеге асырылады: 1) жеке тұлғалар үшін 4 жұмыс сағатқа дейін; 2) заңды тұлғалар үшін 8 жұмыс сағатқа дейін. Кәмелетке толмағандардың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу олардың заңды өкілдерінің келісімімен жасалады. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар (жас балалар) үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу олардың атынан заңды өкілдерімен жасалады. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұялы байланыс операторына мәліметтері ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілмеген не ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілген мәліметтерге сәйкес келмейтін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы бойынша ұялы байланыс қызметтерін көрсетуіне тыйым салынады. Абоненттік құрылғыларды тіркеу әдістері: 1) «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Теле2 и Алтел) операторы бойынша: абоненттік нөмер бойынша тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тексеру үшін *6914# USSD-командасын теру қажет; 2) «Кар-Тел» ЖШС (Билайн) операторы бойынша: 3) «Кселл» АҚ (Актив и Кселл) операторы бойынша: