Жаңалықтар

Қытайда тарақан өсіретін фермалар саны артып келеді

ашық дереккөзі

Қытайда тарақан өсіретін фермалар саны артып келеді

Жергілікті кәсіпкерлердің айтуынша зиянкес жәндіктер санын көбейту бүгінде тиімді бизнеске айналған, деп хабарлайды «Хабар 24». Оларды медицина саласынан бастап қалдықты қайта өңдеуге дейін қолданады. Зерттеушілердің пікірінше, құрамында зиянкесі бар дәрі-дәрмек іш ауруынан бастап суық тиюден емдейтін көрінеді. Сондай-ақ теріні жасартатын әсері де бар. Ал соңғы кездері тарақандар қоқысты қайта өңдеу үшін де қолданылып жүр. Олар күніне 50 тоннаға дейін қоқыспен тамақтанып, қоқыстың көзін жоя алады.