Ақтаудағы жарылыс: ІІМ басшысы пікір білдірді

Ақтаудағы жарылыс: ІІМ басшысы пікір білдірді

Ақтаудағы жарылыс: ІІМ басшысы пікір білдірді
ашық дереккөзі
Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Ақтауда белгісіз заттың жарылғаны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Мәжіліс отырысында министр Ақтауда металл қабылдау орнында белгісіз заттың жарылғаны туралы мәліметті растады. "Бұл металл жинаушылар. Еш жерде тіркелмеген, қарапайым металл жинаушылар. Даладан бірнеше қап металл жинап келген. Тіркелмеген металл қабылдау пунктіне барған. Металл өткізу кезінде жарылыс болған. Металл қабылдаған және өткізген адам қаза болды", - деді Қалмұхамбет Қасымов. Үш адам зардап шеккен, оның екеуі ауруханаға жатқызылған. Министрдің айтуынша, әзірше нақты қандай заттың жарылғаны туралы мүмкін емес. "Әскери тергеушілермен бірге тергеу шараларын бірге жүргіземіз. Онда екі мәселе бар: белгісіз затты газбен жұмыс істеген уақытта не кескілеу жұмыстарын жүргізген уақытта жарылған болуы мүмкін. Мамандар жұмыс істеп жатыр. Бұл не граната, не жарылғыш мина депген мәліметті растай алмаймыз, себебі шұңқыры жоқ. Анықтайтын боламыз", - деп түйіндеді ол. 11 желтоқсанда жергілікті БАҚ өкілдері металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, екі адам қаза тапқаны туралы хабарланды.