Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық берген адамға қомақты айыппұл салынады

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық берген адамға қомақты айыппұл салынады

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық берген адамға қомақты айыппұл салынады
ашық дереккөзі
Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметшілерге сыйлық беруге тыйым салынғанын тағы бір мәрте ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, мемлекетік қызметшілерге мейрам қарсаңында немесе туған күндерге қарсы сыйлық (кәмпит, кәдесый) беру заңмен қудаланады. «Заңға қайшы материалдық сыйақы үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Сыйлық берген тұлғалар 200 АЕК көлемінде (481 мың теңге) заңды тұлғалар - 700 АЕК (1 683 500 теңге)  айыппұл төлейді. Биылдың өзінде осындай 5 заңбұзушылық дерегі анықталды», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.