Жаңалықтар

Шымкентте трансформатор зауыты іске қосылды

ашық дереккөзі

Шымкентте трансформатор зауыты іске қосылды

Шымшаһардан енді қуаттылығы 500 мегаватқа дейінгі кернеуі 110, 220, 500 киловаттық автотрансформатор және май трансформаторлары шығарылатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24». Ал Түркістанда түйе сүтінен дайын ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылады. Бұл – Орталық Азияда теңдесі жоқ, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын жалғыз өндіріс орны. Бұл кәсіпорын – трансформаторлық құрылғыны жасау жөніндегі Орталық Азиядағы ең ірі зауыт. Өндіріске үдемелі және экологиялық таза технологиялар енгізілген. Ал трансформаторларды жобалау кезінде кәсіпорында дүниежүзінің трансформатор жасау жетекші мамандарының әзірленуінде негізделген заманауи бағдарламалық жасақтамасын қолданатын көрінеді. Яғни мұнда жобалау мен пайдаланудың 100 жылдық дүниежүзі аспектілері есепке алынған. Атап айтқанда, математикалық үлгілеу бағдарламасы электромагниттік, механикалық, жылу және динамикалық есептесулер пакетін қамтиды. Бұл жобаның құны 20 миллиард теңгені құрайды. Өндіріс орны жылына 120 трансформаторды жинап шығаруды алдына мақсат қойып отыр. Ал тауарлар біздің елімізде ғана сатыла ма, әлде шетел нарығы экспортқа жөнелтіле ме деген сауалды біз зауыт басшылығына қойған болатынбыз. «Шымкенттегі индустриалды аймақтан бой көтерген зауыт 22 гектар аумақты алып жатыр. Алдағы уақытта мұнда мыңға жуық білікті маман жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Ал түйе сүтінен дайын ұнтақ шығаратын Түркістандағы зауыттың  жобалық құны – 7,5 млрд теңге. Күніне 100 тона сүт өндіретін кәсіпорында қазірдің өзінде жүз адам еңбек етеді. Алып өңдеу кешені толықтай соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Түйе шаруашылықтарынан жиналған сүт алдымен осы алдын ала өңдеу цехына жеткізіліп, осы жерде толық өңделеді. Мысалы, 15 тонна түйе сүтінен 1 тонна дайын ұнтақ алынады. Мәселен, құтыдағы құрғақ ұнтақты суға езіп, шұбат ретінде пайдалана беруге болады. Зауыттан шыққан дайын өнім негізінен Қытайға экспортталады. «Одан кейін Еуропа елдері мен АҚШ-қа экспорттау жоспарда бар», – дейді зауыт мамандары. Айта кетейік, кәсіпорын – Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобасы», – дейді  кәсіпорын директоры  Серғазы Күнтуаров.