Жаңалықтар

Макрон жалақыны көтеріп, салық көлемін азайтады

ашық дереккөзі

Макрон жалақыны көтеріп, салық көлемін азайтады

Франция президенті Эммануэль Макрон ел тыныштығы үшін жұмысшылардың жалақысын көтеріп, зейнеткерлердің салығын азайтамын деп сөз берді, деп хабарлайды «Хабар 24». Ал сарапшылардың айтуынша, Макронның шешімінен ел қазынасы ауыр халге ұшырауы мүмкін. Өйткені онсыз да өңірде белең алған шерулердің салдарынан Франция экономикасы орасан зор шығынға батқан. Естеріңізге салайық, Франция тұрғындары бірнеше апта қатарынан жанармай бағасының өсуіне қарсылығын білдіріп, наразылық шараларын өткізіп жатыр. Шерулердің соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласып, ондаған адам жараланды. Жүзден астам тұрғын қамалды. Осыған орай Эмануэль Макрон елде төтенше жағдай режимін жариялады.