Каспийдің солтүстігінде навигация жабылды
Каспийдің солтүстігінде навигация жабылды
Каспий теңізінің Қазақстан секторы айдынының солтүстік бөлігінде Әскери-теңіз күштерінің Гидрографиялық қызметі навигациялық кезеңді жапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жайық» гидрографиялық кемесі су бетіндегі қалқыма белгілер мен межелерді жинап алды. Бұл Каспий теңізінің Қазақстан секторы акваториясындағы температураның төмендеуімен байланысты.
Айта кетейік, Каспийде навигацияның жабылуы қыс мезгілінде, ең алдымен, ауа райының қолайсыз болып, мұз қатқан кезде, сондай-ақ кемелердің жүруіне басқа да кедергілер көбейгенде теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.