Жаңалықтар

Педиатрия орталығының қызметкерлері мен дәрігерлері қан тапсырды

ашық дереккөзі

Педиатрия орталығының қызметкерлері мен дәрігерлері қан тапсырды

Бүгін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін  «Донор күні» өтті. Игі шараға орталықтың 80-нен астам қызметкерлері, ақ халатты абзал жандар мен жас дәрігерлер де қатысып, мұқтаж жандар үшін қан тапсырды. Шараның тұрақты түрде ұйымдастырушысы, клиникалық трансфузиология бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Үмбетовтың айуынша, «Қан тапсырып, өмір сыйла!» акциясымен өтетін шара жылына екі рет ұйымдастырылып келеді. - «20 жылдан бері қан тапсырып келемін. Дәрігер ретінде айтарым бұл игілікті шараның маңызы зор. Біріншіден, біздің қанымыздың біреуге, осында жатқан балаларға көмегі тиіп қалуы мүмкін. Екіншіден, қан тапсыру денсаулыққа пайдалы. Қан тапсырған адамның ағзасы тазарып, қысымы реттеледі. Қан тапсыруды әр адамның азаматтық борышы деп есептеймін», дейді тұрақты қан тапсырушы донор, Педиатрия орталығының реаниматолог-анестезиолог дәрігері Гүлжахан Абдулаева.