Қытай билігі қашып жүрген жемқор күдіктілерге өз еркімен оралуға уақыт берді
Қытай билігі қашып жүрген жемқор күдіктілерге өз еркімен оралуға уақыт берді
Қытайдың шет мемлекетте қашып жүрген лауазымды қызметкер өз еркімен еліне оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сямэнь қаласы қоғамдық қауіпсіздік басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Чжэн Дунцян жемқорлық бабы бойынша айыпталған болатын. 165 жастағы экс-қызметкер осыдан екі жыл бұрын ізін суытқан. Қытай комунистік партиясы тәртіпті қадағалау комиссиясы таратқан мәліметке сәйкес, 2016 жылдан бері ұстатпай жүрген Чжэн Дунцян полицияға өзі келді. Бұл – осымен өз еркімен берілген төртінші шенді. Жалпы экономикалық қылмыс немесе қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілініп, іздеуде жүрген 50 адам бар.
Естеріңізге салайық, Қытай шетелде қашып жүрген жемқор күдіктілерге жыл соңына дейін өз еркімен берілуін талап етті. Сонда жазасы жеңілдейді, тіпті қамалмауы да мүмкін. Бұл науқан желтоқсанның 31-не дейін жалғасады.