Этнографиялық экспедиция Жамбылды аралауда

Этнографиялық экспедиция Жамбылды аралауда

Этнографиялық экспедиция Жамбылды аралауда
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Туған өлке – тұнған шежіре» атты облыстық этнографиялық экспедицияның өңірлердегі сапары жалғасуда. Экспедицияның негізгі мақсаты – облыс аумағында тұратын этностардың ұлттық дәстүрлерін танып білу, облыстағы көптеген ұлттардың салт-жоралғылары мен дәстүрлерін терең тану, олардың қоғамда ұлтаралық келісім мен шоғырландыру процестеріне оң әсерін, өзектілігін талдау. Іс-шара барысында аудандағы әртүрлі ұлттардың этномәдени бірлестіктерінің тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі таныстырылды. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктер өздерінің ұлттық киім үлгілері мен ұлттық тағамдарын көрсетіп, ұлттық би билеп, музыкалық аспаптарында ән шырқады. Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері ауданымызда көптеген ұлттың бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанын зор мақтанышпен жеткізді. Айта кетейік, аталмыш экспедиция қараша айының 27-і не дейін облыс аумағындағы 10 аудан мен Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларын аралайтын болады. Бұған дейін аталмыш экспедиция Шу ауданында болған. Экспедиция облыс көлемінде тұратын этностардың этнография саласындағы үлттық дәстүрлері бойынша біліктіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. «Туған жер – туған ел» бағытындағы шараға келген экспедициялық топ Шу ауданындағы алты этномәдени орталықтарының дәстүріне сіңген бай рухани мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізуге ықпал ететін салт – дәстүрлерімен танысып шықты. Бұл экспедицияның зерттеу аймағында тиісті бағыттарда материалдарды жинақтау үшін белгіленген үздіксіз «сызықты» бағдар бойынша этнографиялық зерттеудің «Бағдарлау әдісін» пайдаланбақшы. Ал, жобаны іске асырудың жоспарланған мерзімі үш жыл, яғни 2018 жылдан 2020 жылға дейін есептелген.Үстіміздегі жылы әлеуметтік эерделеулер, бейнесюжеттер, фотоальбомдар шығару жұмыстары кезең – кезеңмен жүргізілетін болса, 2019 жылы этностардың дәстүрлерінің ерекшеліктерін ұйымдастыру, ал 2020 жылы Жамбыл облысы этностарының дәстүрлері Энциклопедиясының 800 данасын шығару және интерактифті карта құрудың тұсау кесері жоспарлануда. Облыс аумағын аралап жүрген этнографиялық экспедиция тобы киелі Құлан жеріне де барды. Облыстық  «Қоғамдық келісім» мекемесінің бас сарапшысы бастап келген экспедиция мүшелері аудандағы қазақ, орыс, өзбек және қарашай этномәдени бірлестіктерінің тыныс-тіршілігімен танысты. Ал, Құландықтар  ән-жырдан шашу шашып, келген қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Қазақстанды мекендейтін халықтардың достығын, мәдениетін, рухани құндылықтарын насихаттаушы топ ат басын  Тұрар Рысқұлов ауданына да бұрды. Елбасының бір шаңырақ астында ұйысқан ұлт пен ұлысты  ортақ мақсатқа жұмылдыратын сындарлы да салиқалы саясатын әр жүрекке жеткізу. Бұл – киелі Әулиеатаның барлық аумағын аралап жүрген экспедиция мүшелерінің басты міндеті.  Бәрімізді қастерлі де қасиетті Отан деген ұлы ұғым біріктіреді. Таңдауымыз да, мақсатымыз да айқын, дейді олар. Татулығы қыр асқан осынау бейбіт тұрмысымыз – тұрақты даму кепілі.   Ал осынау баға жетпес құндылығымызды дәріптеп, бірлік пен берекемізді сақтауға  аймақтағы этномәдени бірлестіктер де ұлес қосып  келеді, себебі, ол ортақ игілік. «Орыс ұлттық мәдени орталығы бүгін «Қызға құда түсу» салтын көрсеттік. Отыздан астам мүшесі бар біздің ұжым, бұл қойылымда ата дәстүрімізді, сонау бағзы заманнан бүгінге жеткен әдет-ғұрпымызды барынша ашып көрсеттік. Үлкенге құрмет, кішіге ізет үлгісін сипаттайтын, атадан балаға мирас болып сақталып келе жатқан ұлттық құндылығымыздың ұмытылмай, осы уақытқа жеткеніне біз ризамыз. Мұның барлығы, әлбетте тұрмысымыз біте қайнасып жатқан қазақ еліндегі сарабдал саясаттың жемісі», – дейді Орыс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Любовь Левицкая.