Жаңалықтар

Елді мекендер газдандырылады

ашық дереккөзі

Елді мекендер газдандырылады

Жамбыл облысының газдандыру деңгейін 50 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі таңда Талас ауданының 5 елді мекенін және Сарысу ауданының 4 елді мекеніне газдандыру жобасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс құны 4,8 миллиардтеңге. Аяқталу уақыты – 2018 жылғы 25 желтоқсан. Құрылыс жұмысы аяқталған кезде 128,4 шаршы метр газ құбыры салынып, облыстың газдандыру деңгейі 50 пайызға жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Тараз қаласының газ таратушы желілерін жаңғырту жөніндегі ауқымды жобаларының бірін іске асыру 2012-2020 жылдар аралығына жоспарланған. Негізгі мақсат – тұтынушыларды газбен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін газ желілері мен жабдықтарды жаңарту болып табылады. 2018 жылы жоспарға сәйкес (Тайвань алқабы) бойынша 68 км жерасты газ құбырлары ауыстырылып, 2 289 жеке шкафтық пункттер орнатылды. Айта кетейік, облыста 377 елді мекен бар. Оның газдандырылғаны 181, немесе 48 пайызы. Осы мақсатта 2019 жылғы құрылыс жұмыстарын  қаржыландыру үшін 11 млрд 683 миллион теңгені құрайтын 10 жобалық бюджеттік өтінім Энергетика министрлігіне тапсырылды. Алайда магистралдық газ құбырынан 50-100 шақырым алшақ орналасқан 23 елді мекен газ торабына қосыла алмайды. Сол себепті 2025 жылға дейін газдандырылған елді мекендердің саны 354-ке жетіп, жалпы 94 процент қамтылмақшы. Сонымен қатар Тараз қаласының тозығы жеткен жылу желілерін қайта жаңғырту мақсатында 2018 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 жобаға 1 786,5 млн теңге бөлініп, 3,2 шақырым жылу желілерін ауыстыру жоспарланып отыр. Болашақта 2018-2027 жылдары газдандырылатыны 377 елді мекен, немесе 100 пайызы. 2008 жылы облыс бойынша 48 елді мекен тауарлық газ тұтынған болса, 2018 жылдың 1 қаңтарына 181-ді құрады. Демек, соңғы 10 жыл ішінде газдандырылғаны 133 елді мекен. Жамбыл облысында  бүгінгі күнге 377 елді мекеннің 181-і, немесе 48 пайызы газдандырылған. «Осы елді мекендердің ішінде тұрғындардың 11 пайызы немесе 88 мың адам газ торабына қосылмаған, себебі, көшеден үйге кіргізу құны қымбат – 150 мың теңге. Бұл мәселені шешу үшін «Жамбыл Жылу» коммуналдық мекемесіне арнайы лицензия әперіліп,  жұмыстың құнын 82,7 мың теңгеге дейін төмендеттік», – деген болатын Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиын барысында. Енді желтоқсанға дейін 53 мың халық газдандырылады. Қалып отырған 35 мың халықты қамтамасыз ету үшін жобалық құжат әзірленуде. Ал, газдандырылмаған 173 елді мекен мәселесін шешу мақсатында, 2019 жылдан бастап, үш жылда бөліп қаржыландыру үшін, Энергетика министрлігіне магистралды құбыр құрылысына 43 миллиард 524 миллион теңге құрайтын 11 жоба дайындалып, бюджеттік өтінім берілді. Аудандағы елді мекендерді газдандыру мақсатында «Шәкіров АГРС»-нен 5 елді мекенге (Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр ауылдары) орта қысымды газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 4 млиллиард 941 миллион теңгені құрады. (Жалпы Талас ауданы бойынша 5 елді мекен, Сарысу ауданы бойынша 4 елді мекен). Осы аталған елді мекендерде ішкі кварталдық газ тарату желісінің құрылысы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындысын және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 48 миллион 900 мың теңге бөлініп, құжаттары дайындалуда. Аяқталу мерзімі 30 қараша 2018 жыл. Сонымен қатар, Ақкөл, Қызыләуіт және Ақтөбе елді мекендеріне орта қысымды газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізу үшін 3 миллиард 222 миллион теңгені құрайтын жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджеттен қаражат бөлуге сұраныс берілді. Осы аталған елді мекендерге ішкі кварталдық газ тарату желісінің құрылысы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындысын және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 25 млн. теңге бөлу жөнінде ұсыныс берілді. Жоғарыда аталған елді мекендерге ішкі газ желілерін жүргізген жағдайда елді мекендер саны 17–ге жетіп, 80 пайызы газбен қамтамасыз етіледі.