Қырғызстанда «Арт Ордо» театрлар фестивалі өтіп жатыр 

Қырғызстанда «Арт Ордо» театрлар фестивалі өтіп жатыр 

Қырғызстанда «Арт Ордо» театрлар фестивалі өтіп жатыр 
ашық дереккөзі

Қырғызстанда өтіп жатқан V Халықаралық «Арт Ордо» фестиваліне 6 шетелдік және 8 қырғыз театры қатысуда. Қазақстаннан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры мен С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театры қатысып жатыр, - деп хабарлайды М.Әуезов театрының баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Мукими атындағы Өзбек мемлекеттік академиялық музкомедия театры, Латухи атындағы Тәжік мемлекеттік драма театры, Набережночелнидегі Татар мемлекеттік академиялық драма театры, М.Вахидова атындағы Тәжік мемлекеттік жастар театрлары да фестивальде өнер көрсетеді.

Фестиваль: ең үздік қойылым – бас жүлде, ең үздік режиссер, ең үздік сценография, ең үздік еркек ролі, ең үздік әйел ролі, екінші пландағы еркек ролі, екінші пландағы әйел ролі, сыншылар көзайымы сынды номинациялар бойынша жүлдерлер табысталады.

КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов төрғалық ететін қазылар алқасының құрамында: Таджибаева Алтынай – өнертану ғылымдарының докторы, (Өзбекстан Республикасы, Ташкент, Мәскеу); Қоджаев Ато – Тәжікстанның халық жазушысы,  (Тәжікстан Республикасы, Душанбе); Ястребов Андрей – филология ғылымдарының докторы, профессор, (ГИТИС, Ресей федерациясы); Файзрахманов Рашат – театр қайраткері, (Татарстан, РФ, Набережные Челны); Абдыкадыров Нурлан – Қырғызстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қырғызтан Республикасы, Бішкек; Козукеев Марат – Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі, (Қырғызтан Республикасы, Бішкек) сынды мамандар бар.

Бұдан бөлек, фестивальде сыншылар алқасыда жұмыс істейді. Оның құрамында: Кулмамбетов Жаныш – сыншылар алқасының төрағасы, Қырғызстанның театр қайраткерлер Одағының президенті, (Бішкек); Жуасбек Еркін – өнертану ғылымдарының кандидаты, (Қазақстан); Исламбаева Зухра – өнертану ғылымдарының кандидаты, (Қазақстан); Молдалиева Людмила Жапаровна – театртанушы, (Қырғызстан); Султанова Рауза – өнертану ғылымдарының кандидаты, (Татарстан); Табаров Мухаммадулло – тарих ғылымдарының кандидаты, (Тәжікстан); Тойбаева Жылдыз – филология ғылымдарының кандидаты, (Қырғызстан) қатарлы театр мамандары бар.

DSC_0202 DSC_0198 — копия DSC_0140 — копия DSC_0206 DSC_0215 — копия